---
title: "«БІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!!!» АТТЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МАРАФОН-ЭСТАФЕТАСЫ"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қоғамда сыбайлас ж..."
author: "kyzmet_aktobe"
published: "2016-05-31T10:17:10+00:00"
modified: "2016-05-31T10:17:10+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/biz-sybaylas-zhem-orly-a-arsymyz-atty-a-t-be-irlik-marafon-estafetasy-695670"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/biz-sybaylas-zhem-orly-a-arsymyz-atty-a-t-be-irlik-marafon-estafetasy-695670/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «БІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!!!» АТТЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МАРАФОН-ЭСТАФЕТАСЫ

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қоғамда сыбайлас ж...

![«БІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!!!» АТТЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МАРАФОН-ЭСТАФЕТАСЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/kyzmet_aktobe/hAq6uTcsjRoew6204Od12PoqHQQK9s.jpg)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!!!» атты Ақтөбе өңірлік марафон-эстафетасы жүзеге асырды.

Іс-шара Ақтөбе облысы бойынша білім басқармасымен бірлесіп дайындалды.

Іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем» төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және насихаттау болып табылады. Марафон-эстафета Ақтөбе облысының орта арнайы оқу мекемелерінде спорттық шара және флэш-моб форматында өткізілетін болады.

Марафонның ашылуын бірінші болып Ақтөбе техникалық колледжінің студенттеріне бұйырды. Жарысқа студенттердің арасынан жиналған 8 топ құрылды.

Жарысты кіріспе сөзімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бисенов Р.Т. ашты. Ол өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда және алдын алуда жастардың үлесі зор екенін атап өтті.

Марафонның қорытындысы бойынша жеңімпаздар құрметті дипломдармен марапатталды.

Келесі марафон-эстафета Ақтөбе сәулет және құрылыс колледжіне өткізуге берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/biz-sybaylas-zhem-orly-a-arsymyz-atty-a-t-be-irlik-marafon-estafetasy-695670](https://yvision.kz/post/biz-sybaylas-zhem-orly-a-arsymyz-atty-a-t-be-irlik-marafon-estafetasy-695670)