---
title: "БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ"
description: "Еліміздің білім беру жүйесі әлем елдерінің озық тәжірибесі негізінде елеулі жұмыстар жүргізіп жатыр...."
author: "Duisembekovalyazat"
published: "2017-08-27T16:04:36+00:00"
modified: "2019-01-20T08:37:03+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/biz-ideyalarymyzben-b-lise-zh-ne-ony-ary-aray-damyta-alamyz-776810"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/biz-ideyalarymyzben-b-lise-zh-ne-ony-ary-aray-damyta-alamyz-776810/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ

> Еліміздің білім беру жүйесі әлем елдерінің озық тәжірибесі негізінде елеулі жұмыстар жүргізіп жатыр....

Еліміздің білім беру жүйесі әлем елдерінің озық тәжірибесі негізінде елеулі жұмыстар жүргізіп жатыр. Соның бірі – «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ мен Кембридж университеті Білім беру факультеті бірлесіп жасаған жеті модульден тұратын бағдарлама негізінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

![БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ](https://storage.yvision.kz/images/user/duisembekovalyazat/83UwZ36mZy8MIQh8AfY7aU7ywKZT4N.jpg)

Бағдарлама А.Маслоу мен К.Роджерс негізін салған гуманистік психология теориясына, Л.Выготскийдің әлеуметтік-мәдени теориядағы «жақын арадағы даму аймағы» ұғымына, Б.Блумның адамның танымдық ойлауының алты деңгейіне, Бефельдің Оқу пирамидасына, оқыту әдістемесіндегі т.б. да озық идеяларға негізделіп жасалған.

![БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ](https://storage.yvision.kz/images/user/duisembekovalyazat/Lg7iQ008x0gv84L4NmNs42Sji8OZcu.jpg)

Психологиядағы гуманистік бағыт бойынша әр адам қайталанбас құбылыс. Адам табиғатында дамуға, өзін-өзі жетілдіруге негізделген творчестволық потенциал бар. Гуманистік психологияның, жеке тұлға психологиясының көрнекті өкілі К.Роджерс ұсынған «Мен» тұжырымдамасы - бізді алға жылжытатын және біздің мінез-құлықарымызды бағыттайтын, өзгеруге жетелейтін әлеуметтік стимул болып табылатын когнитивті және аффективті компоненттердің үйлесуі. Әр адам: «Мен кіммін?», «Не білемін?», «Не жасай аламын?», «Кім боламын?» деген сұрақтарға жауап іздейді. «Мен» тұжырымдамасы адамның қоршаған ортаны қабылдауы, бақылауы, бағалауы нәтижесінде өзі жөнінде қорытынды шығаруына байланысты қалыптасады.

![БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ](https://storage.yvision.kz/images/user/duisembekovalyazat/G9xewK0sV39GkMTRtfY79j6LGQNotX.jpg)

![БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ](https://storage.yvision.kz/images/user/duisembekovalyazat/OG52qB3aiuVz62Zpi778l3zhlX2P4N.jpg)

Бір ай көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Шілденің 31-і күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Алматы облыстық филиалына курсқа келген 178 мұғалім 27 тамызда оқудың «Бірінші «Бетпе-бет» кезеңін аяқтап, «Мектептегі тәжірибе» кезеңіне аттанды. Бірінші кезеңде білу, түсіну жүзеге асса, мектептегі тәжірибе кезінде оқып-үйренгендерін қолданып, талдап, «Екінші «Бепе-бет» кезеңіне келгенде жинақтау, бағалау бойынша ұйымдастырылған жұмыстар жүргізеді.

![БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ](https://storage.yvision.kz/images/user/duisembekovalyazat/vbk92thkWx5g45T11723gDkJkMNeW4.jpg)

Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінің соңында өткізілген «Әлем өзгеруде, біз де өзгереміз!» атты топтар таныстырылымы мерекелік көңіл-күйде өтті. Әр топ курс барысында жеті модуль бойынша көңілге түйгендерін шеберлікпен жеткізе білді. Бағдарлама идеясын жақсы түсінгендіктерін, ары қарай дамыта, қолдана алатындықтарын көрсетті. Бір-бірін қошеметтеп, қолдап отырды. Институт ұжымына, тренерлерге ризашылықтарын білдірді.

![БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ](https://storage.yvision.kz/images/user/duisembekovalyazat/4cERPEmam6b28KVb5QEH911Bcg7K8t.jpg)

Білім сласындағы өзгерістер жақсы жетістіктерге алып келеді. Осы курстан өткен әр мұғалім ХХІ ғасырға лайық азамат қалыптастыруға және Қазақ мемлекетінің дамуына өз үлесін қосатындығына сенемін.

![БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ](https://storage.yvision.kz/images/user/duisembekovalyazat/326QGG1TjXsc8zHMmMb2kQuv6oZM2C.jpg)

![БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ](https://storage.yvision.kz/images/user/duisembekovalyazat/82NI3H6IhuVxdONpCBLlWbCylzrfN0.jpg)

![БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ](https://storage.yvision.kz/images/user/duisembekovalyazat/96X00zF5VdOy2GisAq9tvOIfX8Vp73.jpg)

![БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ](https://storage.yvision.kz/images/user/duisembekovalyazat/bzQc6uUDL55K781X1UfxGHZGo61sS5.jpg)

![БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ](https://storage.yvision.kz/images/user/duisembekovalyazat/Ha858tzquSOECd9n9z848v10sfM9o6.jpg)

![БІЗ ИДЕЯЛАРЫМЫЗБЕН БӨЛІСЕ ЖӘНЕ ОНЫ АРЫ ҚАРАЙ ДАМЫТА АЛАМЫЗ](https://storage.yvision.kz/images/user/duisembekovalyazat/j5eEfi9VpaKd89Fs5ZxMdKhI3J3gk2.jpg)

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Деңгейлі бағдарламалар орталығының жетекшісі, ф.ғ.д. Дүйсембекова Л.С.

---

Source: [https://yvision.kz/post/biz-ideyalarymyzben-b-lise-zh-ne-ony-ary-aray-damyta-alamyz-776810](https://yvision.kz/post/biz-ideyalarymyzben-b-lise-zh-ne-ony-ary-aray-damyta-alamyz-776810)