---
title: "Бірлік пен мақтаныштың рәмізі: Семейде Республика күніне арналған Мемлекеттік Ту көтерілді"
description: "Ертістің сол жағалауындағы қоғамдық кеңістікте Республика күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Бұл мереке — Қазақстанның м?..."
author: "VladimirZelensky"
published: "2025-10-25T09:39:15+00:00"
modified: "2025-10-25T09:39:15+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/birlik-pen-maktanyshtyn-ramizi-semeyde-respublika-kunine-arnalgan-memlekettik-tu-koterildi-1018042"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/birlik-pen-maktanyshtyn-ramizi-semeyde-respublika-kunine-arnalgan-memlekettik-tu-koterildi-1018042/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бірлік пен мақтаныштың рәмізі: Семейде Республика күніне арналған Мемлекеттік Ту көтерілді

> Ертістің сол жағалауындағы қоғамдық кеңістікте Республика күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Бұл мереке — Қазақстанның м?...

Ертістің сол жағалауындағы қоғамдық кеңістікте Республика күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды. Бұл мереке — Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін айшықтайтын, ұлттық бірлікті нығайтатын маңызды күн.

![Бірлік пен мақтаныштың рәмізі: Семейде Республика күніне арналған Мемлекеттік Ту көтерілді](https://storage.yvision.kz/images/user/574844/300e490d721bd40225ccaff38cd3bd88.jpg?width=1280&height=720)

Шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Раханов, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам белсенділері, жастар және пікір көшбасшылары қатысты,хабарлайды ішкі саясат басқармасы.Іс-шара барысында еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін бейнелейтін Мемлекеттік Ту көтерілу рәсімі өтті. Көлемі 3×6 метрлік Ту Семей қаласының ең биік нүктесіне — биіктігі 90 метр болатын аспалы көпірге орнатылды.

![Бірлік пен мақтаныштың рәмізі: Семейде Республика күніне арналған Мемлекеттік Ту көтерілді](https://storage.yvision.kz/images/user/574844/dbd8c69b1c901e565b5b588acd6f4949.jpg?width=1280&height=854)

Бұл — Қазақстанның бай тарихын, бүгінгі жетістіктерін және жарқын болашағын еске салған рухани сәт. Шара аймақ тұрғындарының береке-бірлігін, елжандылығын және туған жердің дамуына үлес қосуға деген ортақ ниетін паш етті.

![Бірлік пен мақтаныштың рәмізі: Семейде Республика күніне арналған Мемлекеттік Ту көтерілді](https://storage.yvision.kz/images/user/574844/9a530d6b39657959b28a8daa5f2a2d87.jpg?width=1280&height=894)

**Фото: облыстың ішкі саясат басқармасы**

---

Source: [https://yvision.kz/post/birlik-pen-maktanyshtyn-ramizi-semeyde-respublika-kunine-arnalgan-memlekettik-tu-koterildi-1018042](https://yvision.kz/post/birlik-pen-maktanyshtyn-ramizi-semeyde-respublika-kunine-arnalgan-memlekettik-tu-koterildi-1018042)