---
title: "БІЛІМ ГРАНТТАРЫН БӨЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ"
description: "Биылғы оқу жылына 31 702 грант бөлінді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Саға..."
author: "medinarebrova"
published: "2016-08-05T02:47:48+00:00"
modified: "2016-08-05T02:47:48+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/bilim-granttaryn-b-lu-zh-nindegi-komissiyany-otyrysy-tti-705625"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/bilim-granttaryn-b-lu-zh-nindegi-komissiyany-otyrysy-tti-705625/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БІЛІМ ГРАНТТАРЫН БӨЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

> Биылғы оқу жылына 31 702 грант бөлінді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Саға...

![БІЛІМ ГРАНТТАРЫН БӨЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/medinarebrova/b9ntkGhrgxt99ZNMEu384oYLf12zx9.jpg)

**Биылғы оқу жылына 31 702 грант бөлінді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен өткізілген республикалық комиссия отырысында жоғарғы оқу орнына қабылдау туралы жұмыс нәтижеленді.**

Жұмыс барысында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан мемлекетіміздің индустриялық-инновациясы мен агроөнеркәсіп кешенінің даму мақсаттарын іске асыру қажеттіліктеріне назар аударғандығын атап өтті министр Ерлан Сағадиев. Бұл басымдылықтар ескеріле отырып, техникалық және технологиялық мамандықтарға – **12 593 грант**, педагогикалыққа – **5 000-ға жуық грант,** ауыл шаруашылығы мен ветеринария мамандықтарына – **2 690** грант және **3000** грант – медициналық мамандықтарына бөлінді.

2016-2017 оқу жылына 31 702 грант бөлініп отыр. Оның ішінде 2 950 грант – ЖОО дайындық бөлімдеріне және **28 752** грант – жоғарғы оқу орнының 1 курстарына берілді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 87 жоғарғы оқу орындарына конкурстық негізде білім гранттары қарастырылды.

Биыл конкурсқа 59677 үміткер қатысып отыр. Олардың 47342 – қазақ тілінде, 12335 – орыс тілінде оқиды.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасына 9797 адам қатысты. Олардың ішінде: 2208 «Алтын белгі» иегерлері, 303 колледж түлектері, 169 халықаралық және республикалық олимпиадаларының жеңімпаздары, 854 халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, **948** халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен 9 Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары.

Сондай-ақ, конкурсқа 492 жетім бала, 363 I және II топ мүгедектері, 37 соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер санатындағы абитуриент және 1053 ҚР азаматтығы жоқ қазақ ұлты өкілдері қатысады*.* Бұл қатысушыларға квоталар белгіленіп отыр.

 

Мадина Абдукадирова

---

Source: [https://yvision.kz/post/bilim-granttaryn-b-lu-zh-nindegi-komissiyany-otyrysy-tti-705625](https://yvision.kz/post/bilim-granttaryn-b-lu-zh-nindegi-komissiyany-otyrysy-tti-705625)