---
title: "Бейнеконференция"
description: "2015 жылдың 3 шілдесі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-07-03T04:52:45+00:00"
modified: "2015-07-03T04:52:45+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/beynekonferenciya-518497"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/beynekonferenciya-518497/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Бейнеконференция

> 2015 жылдың 3 шілдесі күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық...

![Бейнеконференция](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/bC8BbAB5284Lm3c09Ffrpa865It7pO.jpg)

**2015 жылдың 3 шілдесі** күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс**-**қимыл Агентігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының 2015**-**2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны іске асыру механизмдері мен жолдары» тақырыбында видеоконференция өтті.

Бейнеконференцияға Департамент басшысы Ә.Х.Әшірбаев, Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Б.Сүйінбаев, Департаменттің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш, Батыс Қазақстан облысының әкімінің орынбасары И.В.Стексов, «КазИИТУ» ғылыми**-**білім кешенінің құрылтайшысы А.С.Айтимов, «Нұр Отан» партиясының БҚОФ заңгер**-**кеңесшісі С.Е.Тұрсынов қатысты.

Сонымен қатар, конференция өту барысында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 – 2017 жылдарға арналған іс**-**шаралар жоспары талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.

![Бейнеконференция](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/5Yxm71F641qm0xCs4oX9lcE5KmM12M.jpg)

![Бейнеконференция](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/b3oLpGh6jQmL2Ce856zd23MpfYMpbp.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/beynekonferenciya-518497](https://yvision.kz/post/beynekonferenciya-518497)