---
title: "Берік Уәли: «Инвестиция болмаса — даму да болмайды»"
description: "Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңесте инвестиция тарту көрсеткіштерінің орындалуы және инвестициялық жобалар..."
author: "VladimirZelensky"
published: "2025-11-05T05:14:15+00:00"
modified: "2025-11-05T05:14:15+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/berik-uali-investiciya-bolmasa-damu-da-bolmaydy-1018269"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/berik-uali-investiciya-bolmasa-damu-da-bolmaydy-1018269/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Берік Уәли: «Инвестиция болмаса — даму да болмайды»

> Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңесте инвестиция тарту көрсеткіштерінің орындалуы және инвестициялық жобалар...

Абай облысының әкімі **Берік Уәлидің** төрағалығымен өткен кеңесте инвестиция тарту көрсеткіштерінің орындалуы және инвестициялық жобаларды іске асыру барысы қаралды.

![Берік Уәли: «Инвестиция болмаса — даму да болмайды»](https://storage.yvision.kz/images/user/574844/c62fb579462776eef7323d09f642966f.jpg?width=1600&height=1066)

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы **Айбек Рахымбеков** қазіргі жағдай жөнінде баяндады.Абай облысында инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. **2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 417,7 млрд теңгені** құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда оң өсім бар екенін көрсетеді. Оның ішінде **жеке инвестициялар 267,3 млрд теңге**, яғни жалпы көлемнің **73,3 пайызын** қамтиды.Инвестициялық қызметті жүйелі ұйымдастыру мақсатында облыстың **Ұлттық цифрлық инвестициялық платформасына** енгізілген жобалар саны 29-дан 50-ге дейін артты. Қазіргі таңда **жалпы құны 25,9 млрд теңге болатын 14 жоба** іске асырылуда, бұл **453 жаңа жұмыс орнын** ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, **7,3 млрд теңгеге 6 жоба** іске қосылып, **182 жұмыс орны** құрылды. Қалған 8 жоба жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.Кеңес барысында инвестиция тарту көрсеткіші төмен аудандардың әкімдері мен жауапты орынбасарлар өңір басшысына ахуалды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.Берік Уәли кәсіпкерлік басқармасына **жалпыұлттық пулға кіретін жобалардың** жүзеге асырылуын қатаң бақылауда ұстауды, инвесторларды өңірлік үйлестіру кеңесіне тарту жұмысын күшейтуді және белсенділігі төмен аудандар бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

> «Барлық өңірлік басшылар жоспарлы көрсеткіштерді толық орындауға міндетті. Бұл облыстың рейтингіне және жалпы экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов атап өткендей, *“егер инвестиция болмаса — даму да болмайды”*. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жандандыру қажет», — деді облыс әкімі.

---

Source: [https://yvision.kz/post/berik-uali-investiciya-bolmasa-damu-da-bolmaydy-1018269](https://yvision.kz/post/berik-uali-investiciya-bolmasa-damu-da-bolmaydy-1018269)