---
title: "БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!"
description: "Құрметті Павлодар облысының жастары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және Тұңғыш П..."
author: "CRMI"
published: "2016-11-22T22:20:59+00:00"
modified: "2016-11-22T22:20:59+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/bay-au-bay-au-bay-au-729157"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/bay-au-bay-au-bay-au-729157/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

> Құрметті Павлодар облысының жастары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және Тұңғыш П...

Құрметті Павлодар облысының жастары! Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және Тұңғыш Президент күніне орай әлеуметтік желілерде **#МенТәуелсіздік** хэштегімен онлайн байқау бастау алды.

«Инстаграм» және «Вконтакте» әлеуметік желісіне тіркелген 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар төмендегі ІІІ номинацияның біреуіне қатыса алады.

![БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/FA99X29huV02pqtmbiyd7BnB0IxbXC.jpg)

І. Қазақ немесе орыс тілінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап авторлық өлең шығару (екі тақырыптың біріне таңдау бойынша);

ІІ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай MannequineChallenge жастар бағытындағы кішігірім бейне-ролик түсіру;

ІІІ. Тұңғыш Президент күніне орай Нұрсұлтан Әбішұлына құттықтау ашық-хатын әзірлеу.

Жұмыстар 2016 жылдың 30 қарашасына дейін **#МенТәуелсіздік** хэштегі арқылы қабылданады. Естеріңізде болсын Instagram желісіндегі аккаунт ашық болу тиіс. Арнайы құрылған әділқазы мүшелері байқаудың үздіктерін анықтайды. **Үздік деп танылған жұмыстар марпатқа ие болады.**

---

Source: [https://yvision.kz/post/bay-au-bay-au-bay-au-729157](https://yvision.kz/post/bay-au-bay-au-bay-au-729157)