---
title: "Батыр Life forever — «Аманат»"
description: "Қызылорда қаласында орнатылатын Батырхан Шукеновтың ескерткіш-белгісінің ең үздік эскиздік жобаларын..."
author: "socium_kzo"
published: "2016-10-04T22:28:22+00:00"
modified: "2016-10-04T22:28:22+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/batyr-life-forever-amanat-716062"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/batyr-life-forever-amanat-716062/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Батыр Life forever — «Аманат»

> Қызылорда қаласында орнатылатын Батырхан Шукеновтың ескерткіш-белгісінің ең үздік эскиздік жобаларын...

**Қызылорда қаласында орнатылатын Батырхан Шукеновтың ескерткіш-белгісінің ең үздік эскиздік жобаларына ашық конкурс жариялайды**

**

![Батыр Life forever — «Аманат»](https://storage.yvision.kz/images/user/socium_kzo/59q17Bxg9A89RrujAT9IYUdU2577bc.jpg)

**

Конкурсты ***«Социум-Қызылорда»*** қоғамдық қоры ұйымдастырады.

**Конкурстың мақсаты** – белгілі тұлғаның бейнесін ашатын, аса мәнерлі мүсіндік көркемдік шешімді анықтау. Ұсынылған жобалар жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс.

**1.** **Конкурсқа қойылатын талаптар**

**1.1.** Ескерткіштің жобасын іріктеу талаптары:

-көркемдік деңгейі жоғары, эстетикалық мәнерліліктің болуы;
- идеялық мазмұны, көркемдік тұтастығы мен бітімі ерекше болуы;
- ескерткіштің алыстан көз тартуы;
- орналасатын жердегі көріністің (панорама) басым композициясына айналуы керек.

**1.2.** Конкурстық материалдар құрамында ұсынылатын құжаттар:

1) Орналасу сызбасы М1:500

2) Бас жоспар М1:500

3) Нұсқа (макет) М1:10

4) Ескерткіштің қасбеттері М1:10

5)Ескерткіштің эскизі – Н-0,50 см.

**1.3.** Ескерткіштің орналасу сызбасы қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісілуі тиіс.

**1.4.** Барлық графикалық жұмыстар 60х90 см планшетте беріледі.

Графикалық орындау әдістер – макеттің түсі, техникасы, материалы –автордың өз қалауы бойынша орындалады.

Көрнекті түрде назарға ұсыну үшін барлық материалдар электрондық нұсқада қосымша ұсынылады.

**2. Конкурстың шарттары**

**1.** Конкурсқа қатысуға мүсіншілер және авторлық ұжымдар шақырылады.

**2.** Ескерткіштің материалы – қола. Натуралдық мөлшері – 2,5.

**3.** Ескерткіш Қызылорда қаласына орнатылады.

**4.** Авторлар конкурс материалдарын газет бетіне және интернет ресурстарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 күн ішінде мына электронды поштаға ұсынылуы тиіс: Socium-kyzylorda@list.ru

**5.** Конкурс жобалары үш таңбалы сандармен белгіленген шифрмен ұсынылады. Шифр - конкурсқа ұсынылған жоба материалдарының, сондай-ақ конверттің оң жақ жоғарғы бұрышына жазылады (биіктігі 1 см). Жобаға қосымша желімделген конвертте авторлардың аты-жөні, өмірбаяны, түсіндірме жазбасы көрсетілген ақпараттық парақ тіркеледі. Конверттер мына мекен-жайға: Қазақстан Республикасы, 120008, Қызылорда қ., Абай даңғылы, №58 үй - тапсырылады. Конвертке "Ерлан Мусаев үшін" деп көрсетуіңізді сұраймыз.

Конкурс шарттары сақталмаған жобалар байқауға жіберілмейді және комиссияда қаралмайды.

**6.** Бағдарлама және конкурс шарттары бойынша ақпарат алу үшін төмендегі байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.

Тел: 87019446985, электрондық пошта: yerlan.mussayev@list.ru

---

Source: [https://yvision.kz/post/batyr-life-forever-amanat-716062](https://yvision.kz/post/batyr-life-forever-amanat-716062)