---
title: "Balkhash Tour Fest — 2026"
description: "Биылғы 19-20 маусымда Балқаш қаласында \"Balkhash Tour Fest — 2026\" өтпекші, бұл шара осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Алдыңғы жылдары оған қат?..."
author: "Fvfylsr"
published: "2026-06-04T11:19:48+00:00"
modified: "2026-06-04T11:19:48+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/balkhash-tour-fest-2026-1021110"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/balkhash-tour-fest-2026-1021110/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Balkhash Tour Fest — 2026

> Биылғы 19-20 маусымда Балқаш қаласында "Balkhash Tour Fest — 2026" өтпекші, бұл шара осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Алдыңғы жылдары оған қат?...

![Balkhash Tour Fest — 2026](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/903b0103f9afae1e4d6c3a26b00196d4.jpg?width=1440&height=1440)

Биылғы 19-20 маусымда Балқаш қаласында "Balkhash Tour Fest — 2026" өтпекші, бұл шара осымен төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Алдыңғы жылдары оған қатысып та келдік, маған ұнады. Әртүрлі шаралар, оның ішінде, спорттық және ойын-сауық шаралары қамтылған, әсіресе қазақ әншілерінің өнер көрсетуі жақсы деңгейде ұйымдастырылған. Биыл Miras Zhugunussov, AYAU, Bellucci, Domino, Nurlan & Murat және Qazaq Band сияқты қазақ әртістері келмекші. Былтыр деректерге қарағанда 50 000 қонақ қатысқан екен, өз басым расында көп турист көрдім, бір бөлігі қала тұрғындары әрине, дегенмен, осындай іс-шаралар керек. Оның үстіне Балқаш қаласының инфрақұрылымы жақсарған, Алматы мен Қарағандыға дейінгі жол жөнделген. Балқаш теңізінің бойындағы, оның жағалауындағы демалыс үйлерінің қызмет көрсету сапасы артқан. Сәйкесінше жыл сайын отандық ішкі туризмді қолдау мақсатымен Балқашта демалып жүрміз. Биыл тіпті Балқаш қаласына Астана мен Алматыдан тікелей әуе рейстері ашылды. Мысалы, Астанадан 40 минут қана ұшып барасыз, бағасы да қонымды, бар болғаны 16 мың теңге. Көп мақтап несін айтамын, бірақ, расында Балқаштың солтүстік жағында демалу Қарағанды, Астана шаһарлары тұрғындары үшін оңтайлы. Тек бір әттегенайы "Balkhash Tour Fest — 2026" аясындағы шарада «Маша и Медведь» мультфилмінің негізінде жеке бағдарлама қойылмақшы. Ұйымдастырушылар шара қонақтары Қазақстан азаматтары мен қазақ балалары екенін ұмытып кеткен бе? Осындай олқылықтардың орнын жойса, фестивальдің маңызы бұрынғыдан да артар еді![#Балқаш](https://www.facebook.com/hashtag/%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D2%9B%D0%B0%D1%88?__cft__[0]=AZYIpLrVTMjooHudXFoXwcYEsytFSEyD-SHrBGue9trifCsBtJOBZTfOPyX1NdIrQQFvUaFX1IYRD5Lgh4ogQgIWzscL6yxzpGupImlXFI-fZYbbqjAWcjwylCv2Qj-d0Kh4IrdH_9sHn2znUnjLy7cCBVrZuCYrrFVi6WrX9SUVFsWiKreogiKsl_gbVcpxaUA&__tn__=*NK-R)

қаласы [#Balkhash](https://www.facebook.com/hashtag/balkhash?__cft__[0]=AZYIpLrVTMjooHudXFoXwcYEsytFSEyD-SHrBGue9trifCsBtJOBZTfOPyX1NdIrQQFvUaFX1IYRD5Lgh4ogQgIWzscL6yxzpGupImlXFI-fZYbbqjAWcjwylCv2Qj-d0Kh4IrdH_9sHn2znUnjLy7cCBVrZuCYrrFVi6WrX9SUVFsWiKreogiKsl_gbVcpxaUA&__tn__=*NK-R) Tour Fest — 2026 #[Amandyq Amirkhamzin](https://www.facebook.com/amandiq.amirkhamzin?__cft__[0]=AZYIpLrVTMjooHudXFoXwcYEsytFSEyD-SHrBGue9trifCsBtJOBZTfOPyX1NdIrQQFvUaFX1IYRD5Lgh4ogQgIWzscL6yxzpGupImlXFI-fZYbbqjAWcjwylCv2Qj-d0Kh4IrdH_9sHn2znUnjLy7cCBVrZuCYrrFVi6WrX9SUVFsWiKreogiKsl_gbVcpxaUA&__tn__=-]K-R)

---

Source: [https://yvision.kz/post/balkhash-tour-fest-2026-1021110](https://yvision.kz/post/balkhash-tour-fest-2026-1021110)