---
title: "БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ АСПАНЫ"
description: "Түпқараған ауданының белсенді жастары мен тұрғындары \"Балалық шағымның аспаны\" атты фильм тамашалады..."
author: "tupkaragan.nurotan.kz"
published: "2020-11-29T12:32:34+00:00"
modified: "2020-11-29T12:32:41+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/balaly-sha-ymny-aspany-881726"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/balaly-sha-ymny-aspany-881726/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМНЫҢ АСПАНЫ

> Түпқараған ауданының белсенді жастары мен тұрғындары "Балалық шағымның аспаны" атты фильм тамашалады...

Түпқараған ауданының белсенді жастары мен тұрғындары "Балалық шағымның аспаны" атты фильм тамашалады. Фильм Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің тапсырмасы бойынша түсірілген.

2011 жылы 7 сәуірде Елорда төрінде «Қазақстан» орталық концерт залында, фильмнің тұсаукесері болды. Онда Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысып, тамашалаған.

Фильм – Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы туралы. Бала кезінен Сұлтан деген есімге ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұшқыш болуды армандаған. Киевтегі азаматтық авиация институтына оқуға түсуге мүмкіндік алады, алайда тағдыр оны мүлдем басқа арнаға бұрады...

Фильм желісі "Әділеттің ақ жолы", "Ғасырлар тоғысында", "Еуразия жүрегінде" кітаптарының негізінде жасалған және Елбасының нақты өмірін көркем шындықпен сипаттайды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/balaly-sha-ymny-aspany-881726](https://yvision.kz/post/balaly-sha-ymny-aspany-881726)