---
title: "БАҚ-ТАҒЫ СӨЙЛЕУ МЕН ЖАЗУ МӘДЕНИЕТІ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?"
description: "«Соңғы жылдары қазақ тілінде сөйлеу мен жазу мәдениеті бұзылды, бұған бұқаралық ақпарат құралдары ы..."
author: "makala"
published: "2014-10-31T00:11:40+00:00"
modified: "2014-10-31T00:11:40+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ba-ta-y-s-yleu-men-zhazu-m-denieti-ay-de-geyde-436837"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ba-ta-y-s-yleu-men-zhazu-m-denieti-ay-de-geyde-436837/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БАҚ-ТАҒЫ СӨЙЛЕУ МЕН ЖАЗУ МӘДЕНИЕТІ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?

> «Соңғы жылдары қазақ тілінде сөйлеу мен жазу мәдениеті бұзылды, бұған бұқаралық ақпарат құралдары ы...

![БАҚ-ТАҒЫ СӨЙЛЕУ МЕН ЖАЗУ МӘДЕНИЕТІ ҚАЙ ДЕҢГЕЙДЕ?](http://static.nmn.kz/images/w264/media/upload/319/2014/10/29/89ddf0cf77bef1fe51c3181500bf199e.jpg)

«Соңғы жылдары қазақ тілінде сөйлеу мен жазу мәдениеті бұзылды, бұған бұқаралық ақпарат құралдары ықпал етіп отыр, әсіресе, телеарналардағы диалектілер мен варваризмдерден аяқ алып жүре алмайтын болдық».

Астанада өткен «Тіл мәдениеті: сөйлеу және жазу» тақырыбындағы дөңгелек үстелде жоғарыдағыдай пікір айтылды. Әрине, бұл пікірмен келіспегендер де табылды. Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған отырыста осы қазақ тілінде сөйлеу мәдениетін қалай көтереміз деген сұрақтың жауабы берілгендей болды. Біз бүгін аталған басқосуда сөз алған белгілі ғалымдар мен қаламгерлердің пікірлерін ұсынуды жөн көрдік.

Сұлтан ОРАЗАЛИН, жазушы, қо­ғам қайраткері:

– Қазақ тілі қажеттілік болса ғана өмір сүреді. Сондықтан бұған әр қазақ үлес қосуы керек. Мысалы, менің қо­лым­­нан келетіні, баламды, неме­ремді қазақ етіп тәрбиелеу, ағайын­дарыммен қа­зақша сөйлесу.

Қазақтың саны көбеймей, тілі өс­пей­ді, қазақты көбейтудің екі-ақ жолы бар, бірі – оралмандарды көбейту, екін­шісі – қазақ әйелдерінің баланы көп тууы үшін жағдай жасау. Екінші дү­ние­жүзілік соғыстан соң Сталин «Ба­тыр ана» мәртебесін енгізді, түсік жа­сат­қандарды 25 жылға соттайтын тәр­­тіп енгізді, бойдақ салығын төлет­тірді, аз уақытта соғыста қаза болған 20 млн адамның орны толды. Біз де қа­­зақ­тардың санын көбейтсек, қа­зақ­ша сөйлейтіндер көбейеді. Бүгіндері еліміздегі қазақтар халықтың 65 пайы­зын құрап отыр, соның 35 пайызы қа­зақ тілінде іс жүргізе ала ма? Заман ­– күштінікі, демек, тіл де күшті­нікі, бір кезде Германия мықты болды, бүкіл Еуропа, АҚШ, КСРО неміс тілін үйренді, ал енді АҚШ күшейді, әлемнің 70 пайызы ағылшынша сөйлейді. Халық неғұрлым көп болса, тіл ора­ла­ды. Тіл орал­­са, сапа да көтеріледі, сөй­леу мә­дениеті де дамиды, Майқы би­ден бас­талатын шешендер институты қазақ тілінің байлығына бір дәлел, қазақ тілін қолданатындар көбейсе, сол байлыққа бас сұқпай кетпейді. ([mtdi.kz](http://mtdi.kz/til-saiasaty/til-tynysy/4262-baktagy-soileu-madeniety-kai-dengeide))

---

Source: [https://yvision.kz/post/ba-ta-y-s-yleu-men-zhazu-m-denieti-ay-de-geyde-436837](https://yvision.kz/post/ba-ta-y-s-yleu-men-zhazu-m-denieti-ay-de-geyde-436837)