---
title: "Баға қайда барады?…"
description: "Жауыр болған қымбатшылық әлі күнге өзекті мәселе болып тұр. Биыл 2023 жылмен салыстырғанда 25% өскен. Қарапайым халықтың күн көрісі азық-түліктің бағасымен тығыз байланысты. Доллардың құны шарықтаған сайын, ақша құнсызданып..."
author: "ZhamanbayMarzhan2004"
published: "2024-04-17T09:42:00+00:00"
modified: "2024-04-17T09:42:00+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ba-a-ayda-barady-1003558"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ba-a-ayda-barady-1003558/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Баға қайда барады?…

> Жауыр болған қымбатшылық әлі күнге өзекті мәселе болып тұр. Биыл 2023 жылмен салыстырғанда 25% өскен. Қарапайым халықтың күн көрісі азық-түліктің бағасымен тығыз байланысты. Доллардың құны шарықтаған сайын, ақша құнсызданып...

Жауыр болған қымбатшылық әлі күнге өзекті мәселе болып тұр. Биыл 2023 жылмен салыстырғанда 25% өскен. Қарапайым халықтың күн көрісі азық-түліктің бағасымен тығыз байланысты. Доллардың құны шарықтаған сайын, ақша құнсызданып жатыр. Ақшаның құнсыздануы, азық-түлік қымбаттауы жығылғанға жұдырық болып, қарапайым халықтың еңсесін басты. Ақшаның қадірі кетіп бара жатқаны рас. Бағаның қымбаттауы қарапайым халықты бей-жәй қалдырмады. 2022 жылы байқағанымыздай Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев базардағы азық-түлік, көліктердің т.б бағаларын төмендету туралы қаулы шығарған болатын. Алайда, кем дегенде 1-2 апта ғана арзандағаны болмаса, дүкен сөрелерінде тұрған тауарлардың құны көтерілмесе, түскенін аңғарған жоқпыз.

Қарапайым халық қиын жағдайда. Әбден, титықтаған халықтың қымбат киім-кешек, азық-түлік алуға шамасы жете ме?

Елімізде күріш өндірісі төмендеп, импорты 12%-ға артқан. Базарда күріштің алуан түрі бар. Таңдап жүріп алуға болады. “Элита”, “Новатор”, “Лидер”. Бағасы да әртүрлі. Мысалы, “Лидер” күрішінің бір келісі-486 теңге болса, “Элита,” “Ақ маржан”-675 теңгеден сатылып жатыр. Халыққа қажет күріштің 90%-ы Қазақстанда, Сыр бойында өседі. Соған қарамастан бағалардың бұлай шарықтауы бізді алаңдатып отыр. Былтыр күріштің келесін 300-350 теңгеден алатынбыз. Тіпті, 2021 жылы 180-200 тг болған. Ал, қазір бағасынан адам шошынарлық.

Жұмыртқаның бағасы 70-75 теңге тұрады. 1-2 жыл бұрын 45-50 теңгеден алатынбыз. Ал, 2021 жылы 25-30 теңгеден болған. Жұмыртқаның қымбаттауы індеттен десе, енді біреуі күннің суық болуынан деседі. Закиров Омар - күнделікті дүкен тұтынушысы. Оның айтуынша, “баға бұлай ешқашан қатты қымбаттамаған. Дәл қазіргі бағадан басың айналады. Бұндай бағаны үйдегі тауықтар естімесін, қымбаттағанын білсе, тумай қояр”-деп әзіл шынын араластырып сұхбат берді.

Бағаның шарықтау шегі бет ұстарлық. Сонымен қатар картоп бағасы да 0,6%-ға өскен. Картоптың бағасы соңғы 24 аптада үшінші рет көтеріліп отыр. Жылдан жылға бағаның қымбаттауына қарапайым халықтың еті үйренді. Бұған кім кінәлі?

Енді баға көтерілмесе, түсуі екіталай.

Жаманбай Маржан,

ҚазҰУ-дың 3 курс студенті.

Жетекшісі: Н.Б. Рушанова, аға оқытушы

---

Source: [https://yvision.kz/post/ba-a-ayda-barady-1003558](https://yvision.kz/post/ba-a-ayda-barady-1003558)