---
title: "БҚО МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ"
description: "2020 жылғы 13 мамырда БҚО арнайы мониторингтік тобының бастамасымен БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-05-14T07:18:42+00:00"
modified: "2020-05-14T07:18:42+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/b-o-medicina-yzmetkerlerine-arzhyly-oldau-k-rsetu-boyynsha-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-monitoring-856890"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/b-o-medicina-yzmetkerlerine-arzhyly-oldau-k-rsetu-boyynsha-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-monitoring-856890/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҚО МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ

> 2020 жылғы 13 мамырда БҚО арнайы мониторингтік тобының бастамасымен БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қ...

2020 жылғы 13 мамырда БҚО арнайы мониторингтік тобының бастамасымен БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қолдауымен БАҚ қатысуымен Төтенше жағдайлар кезінде денсаулық сақтау саласында қоғамдық бақылауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша онлайн кеңес өткізілді.

Шараға БҚО жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.Самет, республикалық Арнайы мониторингтік топтың (бұдан әрі - РАМТ) басшысы А. Соловьева, РАМТ мүшесі М. Абенов, БҚО АМТ басшысы В. Колпаков, облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М. Арыспаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Б. Каюпов, сондай-ақ медициналық мекемелердің басшылары қатысты.

Өз баяндамаларымен Н. Самет, М. Арыспаев, Б. Каюпов, бас дәрігерлер Б. Мурзахметов, М. Иманғалиев, Р. Жалиев, Г. Ислямов, сондай-ақ БҚО АМТ өкілдері В. Колпаков, Г. Ищанов және А. Салахатдинова сөз сөйледі.

Н. Самет COVID-19 коронавирусымен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдауға қатысты жұртшылықтың қатысуымен жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторингтің нәтижелерін атап өтті.

Мониторинг барысында фактілер анықталды:
- дәрігерлерге екі еселеніп төлеу, яғни бір мезгілде екі жерде жұмыс жасаған;
- жекелеген қызметкерлерге басымдықтар беру арқылы көтермеленген сағаттар қою;
- жұмыс уаұытын есепке алу табеліне сағатарды дұрыс қоймау және т. б. (аталған мониторингтің толық нәтижелерін біздің жаңалықтар тізбесінен көре аласыздар).

В. Колпаков өз сөзінде ТЖ жарияланғанына қарамастан, АМТ мүшелері блокпосттар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек бағалары, мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, азаматтардың карантиндік шараларды сақтауы және т.б. мониторинг жүргізілгенін атап өтті.

Өз кезегінде А. Соловьева мен М. Әбенов өткізілген іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін, БҚО АМТ нәижелі жұмысын, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен өзара тиімді іс-қимылын атап өтті, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз етудің маңыздылығы туралы айтты.

Жалпы, осы іс-шараның нәтижесінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік құрылым басшыларына олардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы мәліметтер ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі құралы ретінде қоғамдық бақылаудың рөлін күшейту туралы нақты және анық түсіндірілді.

Соңында, АМТ өкілдері және Н.Самет баршаны парасаттылыққа, ашықтылыққа, айқындылыққа және қоғам алдында есеп беруге шақырды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/b-o-medicina-yzmetkerlerine-arzhyly-oldau-k-rsetu-boyynsha-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-monitoring-856890](https://yvision.kz/post/b-o-medicina-yzmetkerlerine-arzhyly-oldau-k-rsetu-boyynsha-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-monitoring-856890)