---
title: "БҮГІН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҮГЕДЕКТЕР КҮНІ"
description: "Дүниедегі мүгедектер саны күн өткен сайын артуда.БҰҰ 1992 жылы мүгедектердің құқығына, өмірлеріндегі..."
author: "ordabasy.nurotan.kz"
published: "2020-12-03T04:12:02+00:00"
modified: "2020-12-03T04:12:03+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/b-gin-d-niezh-zilik-m-gedekter-k-ni-883630"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/b-gin-d-niezh-zilik-m-gedekter-k-ni-883630/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# БҮГІН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҮГЕДЕКТЕР КҮНІ

> Дүниедегі мүгедектер саны күн өткен сайын артуда.БҰҰ 1992 жылы мүгедектердің құқығына, өмірлеріндегі...

Дүниедегі мүгедектер саны күн өткен сайын артуда.

БҰҰ 1992 жылы мүгедектердің құқығына, өмірлеріндегі қиыншылықтар мен мәселелерді шешу жолдарына назар аудару мақсатында 3-желтоқсанды «Дүниежүзілік мүгедектер күні» ретінде жариялады.

БҰҰ мүгедектерді «жеке немесе әлеуметтік тіршілікте өз қажеттілігі үшін жұмыстарын, физикалық не болмаса рухани қабілеттер тұрғысынан генетикалық немесе кейіннен пайда болған кез келген бір кемшілік нәтижесінде қолдана алмайтындар» деп атайды.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) мағлұматтарына қарағанда мүгедектер «әлемде ең көп шеттетілген тобы» арасында орын алуда.

ДДСҰ-ға қарағанда диабет, жүрек және тамыр аурулары, ісік пен ақыл-ойынан тану сияқты хроникалық денсаулық проблемаларының жаһандық көлемде мүгедекті арттыратын себептер арасында орын алады.

Ұйымға қарағанда 7 миллиард адам саны бар ғаламшарда 1 миллиард адамнан астамы әртүрлі мүгедектік жағдайына душар.

ДДСҰ әлем тұрғын санының шамамен 15 пайызын құраған осы көрсеткіштің күн өткен сайын артқанына назар аударуда.

Өмір болған соң әркім әрқалай сыналады. Әртүрлі жағдайға тап болады. Біреулері кедейліктен шыға алмай өмірлерін өткізсе, енді бірі мүмкіндігі шектеулі жанға айналады. Әйтсе де денсаулығының кемістігіне қарамастан алға қарай ұмтылған жандарды көргенде шын қуанасың. Мемлекетке алақан жайып қарап отырмайды, өзгелер секілді еңбек етеді, кәсібін ашып оны дөңгелетеді.

Жылдан жылға мүмкіншілігі шектеулі жандарға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп, оларды қоғамның бір мүшесі ретінде қабылдап келеді. Үкіметіміздің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кедергісіз кеңістік шаралары аясында атқарған шаралары да аз емес.

Ләйім, жер бетінде мүмкіндігі шектеулі жандардың болмауын, жазылып кетулерін тілейміз.

---

Source: [https://yvision.kz/post/b-gin-d-niezh-zilik-m-gedekter-k-ni-883630](https://yvision.kz/post/b-gin-d-niezh-zilik-m-gedekter-k-ni-883630)