---
title: "АЗАМАТТАРДЫҢ КЕЗЕКТІ ҮНДЕУІ «АҚЖАЙЫҚ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АРҚАСЫНДА ШЕШІМІН ТАПТЫ"
description: "2020 жылдың 20 қаңтарында \"Ақжайық-адалдық алаңы\" жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізілді...."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-01-20T12:25:28+00:00"
modified: "2020-01-20T12:25:28+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/azamattardy-kezekti-ndeui-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesi-ar-asynda-sheshimin-tapty-848195"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/azamattardy-kezekti-ndeui-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesi-ar-asynda-sheshimin-tapty-848195/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АЗАМАТТАРДЫҢ КЕЗЕКТІ ҮНДЕУІ «АҚЖАЙЫҚ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АРҚАСЫНДА ШЕШІМІН ТАПТЫ

> 2020 жылдың 20 қаңтарында "Ақжайық-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізілді....

2020 жылдың 20 қаңтарында "Ақжайық-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінде азаматтарды қабылдау өткізілді.

Қабылдауды БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н. И. Самет және Орал қаласы әкімінің орынбасары М. Р. Мүлкай жүргізді.

Қабылдауға балалар үйінің бір топ түлектері тұрғын үй алу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу мәселелері бойынша өтініш білдірді.

Түлектердің айтуынша, 8-9 жыл бойы олардың тұрғын үй алу кезегі жылжымайды, ал кейінгі түлектер қалаған тұрғын үй алды.

Мәселе мән-жайы белгілі болғандай, олар балалар үйіне тіркелген кезден бастап әкімшілікпен тұрғын үй кезегіне тұруы тиіс, ал олар кезекке бітірген кезден бастап қойылған. Нәтижесінде, тұрғын үй алуға кезекке негізсіз созылып кетті.

Ескерту: НҚА енгізілген өзгерістерді ескере отырып, балалар үйіне тіркелген сәттен бастап 6 ай ішінде бала тұрғын үй алуға кезекке қойылуы тиіс. Осы талапты бұзған жағдайда балалар үйінің жауапты тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс.

Қабылдау қорытындысы бойынша балалар үйінің түлегі М. Қызылбасов «Шаңырақ» балалар үйінің жатақханасы басшылығының көмегімен тұрғын үй алғанға дейін тұрғылықты жері бойынша тіркелетін болды.

Сонымен қатар, «QORGAU» қоры кезекке уақытылы қойылмауына байланысты бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мәселесі бойынша өтініш білдірушіге №15 балалар үйінің басшылығына қатысты сот талап-арызын жасау бойынша заң консультациясын көрсетеді.

«Ақжайық-адалдық алаңы» жобалау кеңсесі балалар үйі түлектерінің қалған мәселелері бойынша облыстық деңгейде арнайы отырыс өткізуге бастамашылық етеді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/azamattardy-kezekti-ndeui-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesi-ar-asynda-sheshimin-tapty-848195](https://yvision.kz/post/azamattardy-kezekti-ndeui-a-zhayy-adaldy-ala-y-zhobaly-ke-sesi-ar-asynda-sheshimin-tapty-848195)