---
title: "ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНДА КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ТАЛДАУ"
description: "Туризм индустриясындағы персонал ұйымның бәсекелестік артықшылықтарының негізгі ресурстарының бірі б..."
author: "Ayaulymbaltabay"
published: "2023-12-03T16:03:19+00:00"
modified: "2023-12-03T16:03:19+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/aza-stan-turizm-industriyasynda-kadrly-leuetti-taldau-998378"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/aza-stan-turizm-industriyasynda-kadrly-leuetti-taldau-998378/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚАЗАҚСТАН ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫНДА КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ТАЛДАУ

> Туризм индустриясындағы персонал ұйымның бәсекелестік артықшылықтарының негізгі ресурстарының бірі б...

Туризм индустриясындағы персонал ұйымның бәсекелестік артықшылықтарының негізгі ресурстарының бірі болып табылады, сондықтан туристік ұйымдардағы қызмет көрсету сапасы білімге, шеберлікке және олардың санасына байланысты болады. Туристік сала мамандарының тапшылығы, сондай-ақ оларды даярлау сапасы проблемасы Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың неғұрлым елеулі проблемаларының бірі болып табылады(кесте 1).Қазіргі уақытта Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес 2021 жылы техникалық және кәсіптік орта білім беру, жоғары оқу орындары мен мекемелерінде «туризм» және «мейрамхана және қонақ үй ісі» мамандықтары бойынша білім алатын 2 мыңнан астам студент бітірді [1].

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 98,7 млрд теңгеге еліміздің қонақ үйлері туристерге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 45%-ға артық. 2022 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында елдің орналастыру орындары туристерге 67,8 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге жуық өсті. Биылғы жылдың алғашқы алты айында орналастыру қызметтерін пайдаланған ішкі туристер саны 3,1 млн адамға жетті. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 400 мың адамға көп және пандемияға дейінгі деңгейден 1 миллион адамға көп (2019 жылы 2,1 миллион адам).Статистикадан көріп отырғанымыздай, туризм саласы ел экономикасына пайда әкеліп жатыр. Туризм индустриясын дамытуда өзіндік мүмкіндіктері мен қауіптерін зерттеп алған маңызды.

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мемлекеттің назар аударып отырғансаласы болғандықтан, туризм мамандығына бірден жұмысқаорналасу мүмкіндігі.

Шет елдерге қарағанда туристік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, кейде болмауы, бұл өз кезегінде мамандарың еңбек өнімділігін төмендетеді.

Жалақысы жақсы, тұрақты жұмысқа орналасу.

Баға мен сапаның арақатынасы: ұшулар мен тұру қызметтері көрші елдерге қарағанда қымбат болуына байланысты ішкі туризмге клиенттердің аз болуы.

Еліміз бойынша туристтік орындардың көптігі.

Мамандық бойынша негізгі дағдылардың болмауы

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатер

Туризм саласының мықты маманы болу.

Covid-19 пандемиясына байланысты туристік ағымдар көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыстан қысқару қаупі.

Туристік сұраныстың өсуі байқалатын дамып келе жатқан сыртқы нарықтарға жұмыс жасау.

Мамандар арасындағы бәсекелестік

Диплом бойынша бірден жұмысқа орналасу.

Жұмысты жақсы жасап, карьералық өсу.

Кесте 1. Туризм саласына жұмысқа орналасуға SWOT талдау.

Жұмыс істеп тұрған оқу орындарында туризм немесе қонақ үй бизнесі саласында халықаралық тәжірибесі мен білімі бар оқытушылар мен профессорлар жетіспейді. Жалпы, қолданыстағы академиялық бағдарламалар туризм секторының практикалық жұмысқа бағдарланбауына байланысты нақты қажеттіліктеріне жауап бермейді. Осының салдарынан бейінді жоғары оқу орындарының кадрлары талап етілмеген күйінде қалып отыр[2].

Қазіргі таңда туризм мамандығы бойынша білім алушылардың саны жоғарылаған. Негізгі себеп – туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың және қолдаудың өсуі, түлектерге тағайындалатын оқу грант мөлшері, туризм мамандығына деген сұраныстың басымдығы және т.б. Оқу мекемелерінде халықаралық сала стандарттарына сәйкес жасалған оқу жоспарлары тапшы, қолданылатын техникалық материал сапасы төмен, туризм, қонақжайлық бизнесі салалары бойынша халықаралық тәжірибеге ие сонымен қатар білім алған оқытушылар аз [3].

Туризм сферасына бағдарланған мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесінде үш негізгі фактор бар: Олар:

1. Шет тілдерін меңгерту.

2. Арнайы экономикалық пәндерді оқыту.

3. Ақпараттық технологияларды меңгерту[4].

Туризм саласы үшін қызметкерлерді даярлау жеке мәселе болып табылады. Бұдан басқа, жергілікті тұрғындарды туристерді қабылдау кезінде қызмет көрсетуге тарту үшін туристік әлеуеті жоғары шалғай өңірлерде жергілікті халықты оқытуға қажеттілік бар, бұл ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және кірістердің ұлғаюына ықпал етеді. Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында «Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы» бекітілген болатын. Қазақстанның туристік брендін және оның оң имиджін қалыптастыру – бұл елдің туристік әлеуетінің тартымдылығын арттырудың күшті құралы [5].

---

Source: [https://yvision.kz/post/aza-stan-turizm-industriyasynda-kadrly-leuetti-taldau-998378](https://yvision.kz/post/aza-stan-turizm-industriyasynda-kadrly-leuetti-taldau-998378)