---
title: "ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ!"
description: "ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ! Құрсауды бұзып жеттік пе - күнге аңсаған Арманы елдің баянды болсын -..."
author: "ZhabayevZHK"
published: "2013-12-13T09:04:53+00:00"
modified: "2013-12-13T09:57:11+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/aza-stan-t-uelsiz-memleket-389451"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/aza-stan-t-uelsiz-memleket-389451/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ!

> ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ! Құрсауды бұзып жеттік пе - күнге аңсаған Арманы елдің баянды болсын -...

ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТ!

 

**Қ**ұрсауды бұзып жеттік пе - күнге аңсаған

**А**рманы елдің баянды болсын - Жасаған!

**З**ұлматты күндер қалды ғой артта - тарихта

**А**запты түндер, ажалды шақтар қаншама

**Қ**апыда мынау, оқ болып тиген тасадан.

**С**алауат дейік, өткенге жұртым, салауат

**Т**өбеде туым - тәуелсіздіктің айғағы!

**А**райлы аспан - қалқыған алтын бүркітім,

**Н**ұр шашқан күнім - бақытты елдің байрағы!

 

**Т**ұғырдан таймай, биіктей берсін қыраным

**Ә**уелей берсін әуезді менің - ән ұраным

**У**ысқа түскен бақытты алмай ұшырып

**Е**селей түссек көңілдің жылы шуағын

**Л**әззатын татып тәтті бір шақтың осын-ау

**С**алтанат құрып асырсақ, елдің қуатын.

**І**ргелі елмен деңгейлес болсақ, әрдайым

**З**аманым болар - оңымнан айым туатын!

 

**М**әңгілік болсын бүгінгі бақыт - мейрамым

**Е**ртеңгі күнім жақсырақ болсын бүгіннен

**М**әртебем биік, шаттықта болып ел-халқым

**Л**әззатын көрсін, еңбектің тер боп төгілген,

**Е**ркіндік, Елдік, Ерлік - боп басты ұраным,

**К**өк тумен бірге - көбейе берсін ұланым

**Е**ңсесі биік, мәңгілік болсын Ақ орда

**Т**ілегім осы - Тәңірден нақты сұрарым!

---

Source: [https://yvision.kz/post/aza-stan-t-uelsiz-memleket-389451](https://yvision.kz/post/aza-stan-t-uelsiz-memleket-389451)