---
title: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ: 20 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХИ БЕЛЕС"
description: "ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ СПЕКА 1998 жылдың 26 наурызында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ташкент қаласында өткен Орта ..."
author: "Murat_Nasimov"
published: "2011-10-23T00:28:49+00:00"
modified: "2011-10-23T00:28:49+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-200644"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-200644/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ: 20 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХИ БЕЛЕС

> ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ СПЕКА 1998 жылдың 26 наурызында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ташкент қаласында өткен Орта ...

**ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ СПЕКА**

 

1998 жылдың 26 наурызында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ташкент қаласында өткен Орта Азия мемлекет басшылары саммитіне қатысты. Кездесу нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің басшылары, Еуропалық Экономикалық Комиссия (ЕЭК) мен Азия мен Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) хатшылары Орта Азия экономикасына арналған арнайы бағдарлама туралы Ташкенттік декларацияны (СПЕКА) қабылдады. Бұл бағдарламаға Түрікменстан 1998 жылдың қыркүйегінде қосылды. Қазіргі әлемдегі Еуразия маңызды халықаралық оқиғалар дамып жатқан және әлемдік табиғат ресурстары шоғырланған аймақ. Құрлықта түрлі аймақтық орталықтардың қалыптасу процесі жүріп жатқанын барлығымыз білеміз. Бұлардың қатарына Еуропалық Одақ (ЕС), Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС), Оңтүстік Азияның аймақтық ынтымақтастығы жөніндегі ассоциациясы (СААРК), Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ОЭС), Қара теңіз экономикалық ынтымақтастығы ұйымдары (ЧЭС) жатқыза аламыз. Аталмыш аймақтық ұйымдардың әрқайсысы жеке саясат пен геосаясатын құратыны анық. Стратегия қалыптастыру барысында ұлттық құндылықтармен қатар, аймақтық мүдделер қарастырылатыны белгілі. Ал әлемдік экономиканың жаһандануы шарттарында геоэкономикалық және геосаяси факторлар бірінші орында тұрады *(*Қараңыз:* [http://www.newmarkets.ru/nm-ru/issues/nm520012.htm](http://www.newmarkets.ru/nm-ru/issues/nm520012.htm)).* Бұл ұйымдардың қатарына сонау 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев пен ЭСКАТО, ЕЭК бастамасы бойынша СПЕКА жұмыстарын да тап өте аламыз. Бұл ұйым бұрынғы Қазақстан және Орта Азия деп аталған аймақта өз қызметін жандандыру қызметіне кірісе бастады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-200644](https://yvision.kz/post/aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-20-zhyldy-tarihi-beles-200644)