---
title: "ҚАЗАҚСТАН БжҒМ БІЛІМ БЕРУДЕГІ СТРАТЕГИЯСЫН АМЕРИКАЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІ ҚОЛДАУДА"
description: "Астанада биыл 17 қарашада жоғары оқу орындарының тұңғыш Қазақстан-Америка форумы өтті. Іс-шара аясын..."
author: "MON_RK"
published: "2017-11-29T06:07:19+00:00"
modified: "2017-11-29T06:07:19+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/aza-stan-bzh-m-bilim-berudegi-strategiyasyn-amerikaly-riptesteri-oldauda-786470"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/aza-stan-bzh-m-bilim-berudegi-strategiyasyn-amerikaly-riptesteri-oldauda-786470/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚАЗАҚСТАН БжҒМ БІЛІМ БЕРУДЕГІ СТРАТЕГИЯСЫН АМЕРИКАЛЫҚ ӘРІПТЕСТЕРІ ҚОЛДАУДА

> Астанада биыл 17 қарашада жоғары оқу орындарының тұңғыш Қазақстан-Америка форумы өтті. Іс-шара аясын...

Астанада биыл 17 қарашада жоғары оқу орындарының тұңғыш Қазақстан-Америка форумы өтті. Іс-шара аясында біздің ел өкілдері америкалық әріптестерімен олардың ағылшын тілінен сабақ беретін ұстаздар даярлау тәжірибесін талқылап, университеттер арасында әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды.

Форумға Америка мен Қазақстаннның сексеннен астам жоғары оқу орындары, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі басшылары мен ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері қатысты.

Жиынның ашылу салтанатында Қазақстан Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол сөз алып, құттықтау жолдады. Форумның мақсаты – университеттердің әріптестігі жөніндегі америкалық тәжірибе (қос диплом алу, тағылымдамадан өту, шет елдік студент тарту бағдарламалары) мен ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалімдерді дайындау т.б дағдыларын үйрену еді.

Жиын бастала салысымен біздің министрлік өкілдері білім беру реформасының жай-күйін баяндады. Атап айтқанда Орталық Азияда білім беру хабын дамыту мәселелері, жоғары оқу орындарының академиялық және басқару еркіндігін кеңейту аспектілері, Қазақстанда үш тілде білім беруге көшу жайы сөз болды. Америка жағынан мамандар үш тілде білім беруді дамыту әдістері мен стратегиясының таныстырылымын ұсынды. Сондай-ақ шет елдік әріптестер Қазақстандағы университеттермен әріптестік және ағылшын тілінде оқу құралдары жасаудың XXI ғасырдағы бағдарламасы жағынан стратегиялық ойларымен бөлісті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/jbT32P4FkEnXaHR5YW9NJA0ISRAO9d.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/Cb7wY49Z93Vca091oafD6A3S00LFo5.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/aza-stan-bzh-m-bilim-berudegi-strategiyasyn-amerikaly-riptesteri-oldauda-786470](https://yvision.kz/post/aza-stan-bzh-m-bilim-berudegi-strategiyasyn-amerikaly-riptesteri-oldauda-786470)