---
title: "Ғайыптан кездесу"
description: "Жастарға қызмет көрсету орталығында 12 ақпан күні «Ғайыптан кездесу» көңілді іс-шара өткізілді. Атал..."
author: "CRMI"
published: "2016-02-12T07:59:02+00:00"
modified: "2016-02-12T07:59:02+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ayyptan-kezdesu-678132"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ayyptan-kezdesu-678132/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ғайыптан кездесу

> Жастарға қызмет көрсету орталығында 12 ақпан күні «Ғайыптан кездесу» көңілді іс-шара өткізілді. Атал...

Жастарға қызмет көрсету орталығында 12 ақпан күні «Ғайыптан кездесу» көңілді іс-шара өткізілді. Аталмыш шараның мақсаты, жастардың бос уақытын қамту және алдағы уақытта достық қарым-қатынастарын нығайту.

![Ғайыптан кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/emIQ0rG9TnjhteK7DHnYS0cA3QFsfa.jpg)

Шара барысында бойжеткендер мен бозбалалар танысып, әр түрлі тақырыптарда әңгіме құрды. 30 ға жуық жиналған жастар әр қайсысы бір-бірімен танысып, сұхбаттасуға үлгерді. Орталықтағы безендірілген зал, әдемі әуен ерекше көңіл күй сыйлады. Мерекелік іс-шарадан соң, жиналған жастарды тосын сый күтіп тұрды. Көңілді кеш Жастар бастамаларын дамыту орталығында ай сайын ұйымдастырылатын «Кино Кешпен» жалғасты. Осы жолы *«Ромео мен Джульетта»филімі көрсетілді.*

![Ғайыптан кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/U362wH6Nw6ZAJ0Bo1Sph75L5sm62Ip.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/ayyptan-kezdesu-678132](https://yvision.kz/post/ayyptan-kezdesu-678132)