---
title: "АЙТЫСТЫҢ МҮДДЕСІ – ЕЛ МҰРАТЫ"
description: "«Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің бас ғ..."
author: "makala"
published: "2014-10-28T22:59:57+00:00"
modified: "2014-10-28T22:59:57+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/aytysty-m-ddesi-el-m-raty-436407"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/aytysty-m-ddesi-el-m-raty-436407/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АЙТЫСТЫҢ МҮДДЕСІ – ЕЛ МҰРАТЫ

> «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің бас ғ...

![АЙТЫСТЫҢ МҮДДЕСІ – ЕЛ МҰРАТЫ](http://static.nmn.kz/images/w264/media/upload/319/2014/10/29/f6f678c85f8163ae8d1c964001a1fc24.png)

«Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің бас ғимаратында өткен дөңгелек үстел барысында айтыс өнерінің болашақ бағыты сөз болды.

Айтыстың бүгіні мен ертеңгісін әңгімелеп, саралау үшін партия қоғам қайраткерлері мен айтыскерлердің басын қосты.

Халқымыздың бойындағы асыл қасиетін ардақтап, биік мәдениетін паш етудегі ұлтымыздың баға жетпес рухани байлығы – айтыс өнері. Қоғамдық санаға қозғау салып, пікір туғызатын идеологиялық қауқары күшті өнердің елдік мұратты насихаттап, ұлттың дүниетанымын қалыптастырудағы атқарып келе жатқан қызметі орасан зор. Арғы тарихымызды әңгіме қылып тым алысқа бармай-ақ, Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарында Жамбыл бастаған Кенен, Шашубай, Нартай, Нұрлыбек секілді халық ақындарының елдің еңсесін көтеріп, қазақтың рухын өлең-жырмен қалай жебегенін еске алсақ та жеткілікті.

Еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары айтыс өнерінің қадыр-қасиеті бұрынғыдан да бетер арта түсті. Тәуелсіздіктің арқасында ақындарымыз өз ойларын еркін жеткізуге, небір көкейкесті мәселелерді ашық айтуға мүмкіндік алды. Жас мемлекетіміздің қалыптасу барысындағы ел Президентін сайлау, Ата заң қабылдау, көк байрағын көтеру, төл теңгесін шығару, сыртқы елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнату секілді үлкен оқиғалардың барлығын айтыс ақындары сүйіншілей жырлап, ақпарат құралдарымен бірге халыққа жарыса жеткізіп отырды. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/component/content/article/4252-aitystyn-muddesy-el-muraty))

---

Source: [https://yvision.kz/post/aytysty-m-ddesi-el-m-raty-436407](https://yvision.kz/post/aytysty-m-ddesi-el-m-raty-436407)