---
title: "Қайсар туралы..."
description: "Кезекті туынды тағыда жазушы Мәди Хасеновтің \"Қайсар\" повесі. Ауылда өскен жігіттің соғыс жылдарынан..."
author: "keit"
published: "2017-02-12T23:38:08+00:00"
modified: "2017-02-12T23:38:08+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/aysar-turaly-754422"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/aysar-turaly-754422/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қайсар туралы...

> Кезекті туынды тағыда жазушы Мәди Хасеновтің "Қайсар" повесі. Ауылда өскен жігіттің соғыс жылдарынан...

Кезекті туынды тағыда жазушы Мәди Хасеновтің "Қайсар" повесі. Ауылда өскен жігіттің соғыс жылдарынан кейінгі өмірі суреттелетін шығармада, оның жоғарғы оқу орнын бітіріп, қалаға жолдамамен жұмысқа келуімен басталады. Бұл ғана емес біраздан бері кинодан басқа ауыл адамдарының көңіл көтеріп, сергитін жері жоқтығы да туындыға арқау болады. Сол жастар ордасына бас кейіпкердің жанашырлық танытып драма өнерін қолға алуы, жастарды бір ортаға жинауы. Жақында келсе де өзінің жақсы мінезі арқылы жақсы достар тауып олардың ішінде Жарас, Мұрат пен Қарабала сынды ерлермен қоса Дариға мен Бағиланың көптеген көмек көрсетуі. Бұндағы басты мәселе ірі қара мен совхоз өмірі. Онымен қоса өнерге жанашырлық танытатын жандармен қоса оларға қарсы шыққан кейіпкерлер де кездесті. Даму деп ауыл өмірін көркейту деп білетін жандардың мәдениеті жоқ елдің болашағы жоқ екендігін түсінуі. Қателеспейтін пенде жоқ әлемде, біздің де кейіпкер қателікке ұрынып, жасаған істері арқылы өз жазасын алады. Повестің соңы кейіпкеріміздің өз жұмысынан шығарылмай сол совхозда қалып өмірін жалғастырумен бітеді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/aysar-turaly-754422](https://yvision.kz/post/aysar-turaly-754422)