---
title: "Айканың тізімінен кейін пәк қыздар тізімі: прокуратура іске кірісті"
description: "Кеше ҚазҰУ-дағы пәк қыздар тізімі жарияланып, жұртты дүрліктірген еді. Осы іспен қазір Алматы қаласының прокуратурасы айналысып жатыр. \"Алматы прокуратурасының нұсқа"
author: "seri.jigit"
published: "2024-02-15T05:24:00+00:00"
modified: "2024-02-15T05:24:00+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/aykany-tiziminen-keyin-p-k-yzdar-tizimi-prokuratura-iske-kiristi-1001173"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/aykany-tiziminen-keyin-p-k-yzdar-tizimi-prokuratura-iske-kiristi-1001173/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Айканың тізімінен кейін пәк қыздар тізімі: прокуратура іске кірісті

> Кеше ҚазҰУ-дағы пәк қыздар тізімі жарияланып, жұртты дүрліктірген еді. Осы іспен қазір Алматы қаласының прокуратурасы айналысып жатыр. "Алматы прокуратурасының нұсқа

Кеше ҚазҰУ-дағы пәк қыздар тізімі жарияланып, жұртты дүрліктірген еді. Осы іспен қазір Алматы қаласының прокуратурасы айналысып жатыр.

![Айканың тізімінен кейін пәк қыздар тізімі: прокуратура іске кірісті](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/20d16d87d412ed4738aef72c453ab1.jpg)

"Алматы прокуратурасының нұсқауымен дербес деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

2024 жылдың 14 ақпанында Бостандық ауданының полиция басқармасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і студенттерінің медициналық құпияны құрайтын жеке деректер мен мәліметтерді тарату фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 147-бап бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу).

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - делінген Алматы қаласы прокуратурасының ақпаратында.

---

Source: [https://yvision.kz/post/aykany-tiziminen-keyin-p-k-yzdar-tizimi-prokuratura-iske-kiristi-1001173](https://yvision.kz/post/aykany-tiziminen-keyin-p-k-yzdar-tizimi-prokuratura-iske-kiristi-1001173)