---
title: "АЙДЫНДАҒЫ АҚҚУ"
description: "Сөзін жазған С. Баязитов 1. Ақ қанатты аққулар, Аспан сәні секілді. Әсемдіктің айдынға, Қонақтаған ..."
author: "Muxit"
published: "2016-07-27T23:04:14+00:00"
modified: "2016-07-27T23:04:39+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/aydynda-y-a-u-704266"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/aydynda-y-a-u-704266/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АЙДЫНДАҒЫ АҚҚУ

> Сөзін жазған С. Баязитов 1. Ақ қанатты аққулар, Аспан сәні секілді. Әсемдіктің айдынға, Қонақтаған ...

![АЙДЫНДАҒЫ АҚҚУ](https://storage.yvision.kz/images/user/muxit/j0vwSbJJH3SNw6Es1TgDl02n4DuFIv.jpg)

***Сөзін жазған С. Баязитов***

1. Ақ қанатты аққулар,

Аспан сәні секілді.

Әсемдіктің айдынға,

Қонақтаған өкілі.

 

**Қайырмасы:**

Ақ айдынның төсінде,

Ерке жүзген ертемен.

Қанатыңды жайғанда,

Неткен әсем, көркем ең.

 

2. Балапандар қасында,

Жырақ кетпей жүр жүзіп.

Су сабалап сәт сайын,

Солар асыр бір қызық.

 

**Қайырмасы:**

Ақ айдынның төсінде,

Ерке жүзген ертемен.

Қанатыңды жайғанда,

Неткен әсем, көркем ең.

---

Source: [https://yvision.kz/post/aydynda-y-a-u-704266](https://yvision.kz/post/aydynda-y-a-u-704266)