---
title: "«Айқаптағы» жер мәселесі"
description: "“Айқап” журналының 1911 жылғы 4 нөмірінде жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың «Тағы да жер жайынан»..."
author: "Karakat Duisen"
published: "2024-02-09T15:52:23+00:00"
modified: "2024-02-09T15:52:23+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ay-apta-y-zher-m-selesi-1000948"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ay-apta-y-zher-m-selesi-1000948/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Айқаптағы» жер мәселесі

> “Айқап” журналының 1911 жылғы 4 нөмірінде жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың «Тағы да жер жайынан»...

“Айқап” журналының 1911 жылғы 4 нөмірінде жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың «Тағы да жер жайынан» мақаласы қазақ интеллегенциясының жер бостандығы жайындағы идеясын насихаттай отырып, халықтың көзін ашу мақсатында жазылған еді.

Сол заманда қазақ даласында қоғамдық жәнесаяси өмірде өзекті болған жер мәселесі еді. Көшпелі қазақтан шұрайлы, көгалды және құнарлыжерді қазынаға тартып алып отырған. Ауыл менқыстақ тұрғындарының көпшілігі жаздық жайылымнан айырылып, құнары аз жерлерге көшірілді. Қазақтың озық ойлы ұлттық интеллигенциясы бұл мәселені шұғыл шешу қажет деген пікірде болды.

Мақалада автор қазақты ну орман ішіндегі адасқан адамға теңейді. Соқпақ жол мен бағыттыбілмей дал болған жаяу адамның күйін кешкен қазақ оңға да, солға да жүрсе де жолын таба алмаған күйде қала берген еді. Осы уақытта қараңғы орманға жарық түсіріп, жол көрсетер зиялылардың кейбірі топ алдына шығып сөз сөйлесе, сөзін мақұлдағандармен мақұлдамағандар, сөз сөйлеген кісінің ойына қосылар не қосылмасын ашып айтуға тиіс еді. Сол заманда, құнарлы һәм шүйгінді жерді алып қалудың жалғыз ғана шешімі – сол бағалы жерлерге қала салу еді. Бұл сөздің астары тура мағына емес екендігі тағы мәлім: қала сал дегені егін салып күн көріпжүрген қарапайым қазақтарға қаратып айтылған сөз еді. Ол жерге егінді яки қаланы биліктен рұқсат сұрап не сұрамай салу жағында, және сұрап салғандағы мен сұрамай салғандағы орын алумүмкін салдарын да, күтілетін пікірлерді де саралап,бір түйінге келу қажет екендігі де баяндалады. Қазаққа келген қандай да болсын мәселені бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару арқылы ғана шешуге болатыны айтылады.

Ахмет Байтұрсынов шындықты айтып шырылдап, егінге жайлы, қазаққа қолайлы жердіалып қаламын деген қазақ болса, сол жерге қаласалуы тиістігін айтады. Ал, қала саламын депшешкен кісі болса үкіметтен рұқсат сұрап, не оларғахабар беріп құлаққағыс етуге асықпағаны жөн. Егер,қазақ жұмыла әрекет етіп жақсы жерлерге қала көтерсе, оны неге салдың деп ізін қуар ешкімнің болмайтындығы нақ көрсетілген еді. Жерге егін менен қатар мешіт пен медресені де сала кетсе, егіндік жерлерді жоспарға түсірсе, қаланы бұзып, мешітті қиратып, жерді ешкім тартып ала қоймас. Қазақтың жуастығы мен қараңғылығын пайдаланаотырып, өз үктемдіктерін жүргізгендерге жауап ретінде осы мақалада нақты сұраққа, нақты жауап ұсынған еді.

Айым ӘЗІМХАН,

ҚазҰУ-дың 1-курс студенті

Ғылыми жетекшісі:

Фил.ғ.к., доцент Р.С. Жақсылықбаева

---

Source: [https://yvision.kz/post/ay-apta-y-zher-m-selesi-1000948](https://yvision.kz/post/ay-apta-y-zher-m-selesi-1000948)