---
title: "Ауызшар - сауабы мол игі іс!"
description: "Ауызашар беру – сауабы мол амал. Пайғамбарымыз: «Ораза ұстаушыны тамақтандырған адам (ауызашар берген) оның сауабын алады. Әрі оған ораза..."
author: "SymbatKS"
published: "2025-04-08T08:46:42+00:00"
modified: "2025-04-08T08:46:42+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/auyzshar-sauaby-mol-igi-is-1013318"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/auyzshar-sauaby-mol-igi-is-1013318/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ауызшар - сауабы мол игі іс!

> Ауызашар беру – сауабы мол амал. Пайғамбарымыз: «Ораза ұстаушыны тамақтандырған адам (ауызашар берген) оның сауабын алады. Әрі оған ораза...

Ауызашар беру – сауабы мол амал. Пайғамбарымыз: «Ораза ұстаушыны тамақтандырған адам (ауызашар берген) оның сауабын алады. Әрі оған ораза ұстаушының сауабы еш кемітілмей беріледі», деп сүйіншілеген (Тирмизи).

Ауызашар – Рамазан айында ораза ұстаған жандарға құрмет көрсетіп, ауыз аштыру дәстүрі. Бұл – тек дастархан жаю ғана емес, жақындармен, достармен, мұқтаж жандармен бірге отырып, сауап жинау, бірлік пен ынтымақты нығайту шарасы.

Ауызашар беру – ислам мәдениетінің маңызды дәстүрлерінің бірі. Бұл іс-шара арқылы адамдар бір-біріне мейірім танытып, ортақ дастархан басында бас қосады. Ауызашар тек ораза ұстаған адамдар үшін ғана емес, барлық мұсылман қауымы үшін қайырымдылық пен сыйластықтың белгісі болып табылады.

**Ауызашар берудің артықшылықтары**

1. **Сауап жинау** – Аш адамға тамақ беру – исламда үлкен сауапты істердің бірі.

2. **Қарым-қатынасты нығайту** – Жақындармен, достармен, әріптестермен кездесу, жылы қарым-қатынас орнату мүмкіндігі.

3. **Қайырымдылық пен жанашырлық** – Мұқтаж жандарға көмек қолын созу, олармен бір дастарқанда отырып, көңіл бөлу.

4. **Рухани тазару** – Бұл кеш тек тамақтану ғана емес, дұға ету, Аллаға шүкіршілік білдіру арқылы рухани тұрғыдан жетілу.

Міне, бұл ораза ұстаған жандарға құрмет көрсетудің негізі деп айтсақ та болады. Ауыз ашқызудың тағы бір маңыздылығы адамдар арасындағы береке, бірлікті бекемдей түсетіндігінде. Сонымен қатар адамдардың бір-бірінен үлгі алып, ораза тұтуға деген құлшыныстары арттыруға да септігі тиетіндігінде.

Міне, осындай сауапты игі істі біздің кафедрамызда атқарды. Ораза ұстаған ұжымдастарға және студенттерге құрмет көрсетіп, кафедрада, №8 жатақханада ауызашар берді.

Ауызашар беру – адамгершілікті, қайырымдылық пен ынтымақты дәріптейтін ізгі амал. Бұл игі дәстүр адамдардың бір-біріне деген құрметін арттырып, мейірімділік пен берекені еселейді. Сондықтан Рамазан айында ауызашар берген жандарға, ораза ұстаған жамағатқа барлық дұға тілектеріңіз қабыл болсын дегім келеді! Осындай іс-шаралар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті аясында үнемі ұйымдастырылып тұрады. Бұндай іс-шаралар болашақ ұрпаұұа үлкен тәрбие мен өнеге берері сөзсіз. Ақпараттық технологиялар факультеті, Компьютерлік ғылымдар кафедрасы.

![фото](https://storage.yvision.kz/images/user/582427/9d98a43b5b383f67fd87e36fd752dc84.jpg?width=1080&height=1080)

Авторлар: Иманкулов Т.С., Кабдрахова С.С., Закарьянова Н.Б., Мәткәрім Б., Чирикбаева Л.

---

Source: [https://yvision.kz/post/auyzshar-sauaby-mol-igi-is-1013318](https://yvision.kz/post/auyzshar-sauaby-mol-igi-is-1013318)