---
title: "Атыраудағы Жайық жағасы биік бөгетпен нығайтылды"
description: "Бір айға жетпейтін уақыт ішінде жағаны бекіту жұмыстарының 97 пайызын аяқталып, 510 шақырымнан асатын қорғаныс бөгеті тұрғызылды. Тасқынға қарсы жұмыстарға 15 мыңнан астам адам мен 1400-ге жуық техника ..."
author: "shaiyah"
published: "2024-04-30T13:25:46+00:00"
modified: "2024-04-30T13:25:46+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/atyrauda-y-zhayy-zha-asy-biik-b-getpen-ny-aytyldy-1004161"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/atyrauda-y-zhayy-zha-asy-biik-b-getpen-ny-aytyldy-1004161/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атыраудағы Жайық жағасы биік бөгетпен нығайтылды

> Бір айға жетпейтін уақыт ішінде жағаны бекіту жұмыстарының 97 пайызын аяқталып, 510 шақырымнан асатын қорғаныс бөгеті тұрғызылды. Тасқынға қарсы жұмыстарға 15 мыңнан астам адам мен 1400-ге жуық техника ...

Бір айға жетпейтін уақыт ішінде жағаны бекіту жұмыстарының 97 пайызын аяқталып, **510 шақырымнан асатын** қорғаныс бөгеті тұрғызылды. Тасқынға қарсы жұмыстарға** 15 мыңнан астам адам** мен **1400-ге жуық техника **жұмылдырылды. Жайық өзенінен Каспий теңізіне су өткізу қабілетін арттыру үшін өзен түбін тереңдету жұмыстары жүріп жатыр. Қазір **11,5 текше метр топырақ алып тасталды**. Ал Жайықтың бүгінгі жағдайын айтар болсақ, қалада бір тәулікте су тағы **4 см-ге көтеріліп, 446 см-ге** жетті. **Қауіпті деңгей 550 см.**

---

Source: [https://yvision.kz/post/atyrauda-y-zhayy-zha-asy-biik-b-getpen-ny-aytyldy-1004161](https://yvision.kz/post/atyrauda-y-zhayy-zha-asy-biik-b-getpen-ny-aytyldy-1004161)