---
title: "Атырау облысында бейіттегі түнек үй өртенді"
description: "2024 жылғы 15 ақпанда сағат 22:25-те Қызылқоға ауданы, Миялы ауылынан 9 км қашықтықта орналасқан «Сақал ата» бейіт басында үйден түтін шығып жатқаны туралы шақ"
author: "seri.jigit"
published: "2024-02-16T07:17:48+00:00"
modified: "2024-02-16T07:17:48+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/atyrau-oblysynda-beyittegi-t-nek-y-rtendi-1001229"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/atyrau-oblysynda-beyittegi-t-nek-y-rtendi-1001229/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырау облысында бейіттегі түнек үй өртенді

> 2024 жылғы 15 ақпанда сағат 22:25-те Қызылқоға ауданы, Миялы ауылынан 9 км қашықтықта орналасқан «Сақал ата» бейіт басында үйден түтін шығып жатқаны туралы шақ

*2024 жылғы 15 ақпанда сағат 22:25-те Қызылқоға ауданы, Миялы ауылынан 9 км қашықтықта орналасқан «Сақал ата» бейіт басында үйден түтін шығып жатқаны туралы шақырту түсті.*

![Атырау облысында бейіттегі түнек үй өртенді](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/8a53d225ba5b816c3d298b3243e5ca.jpg)

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы хабарлады.

Өрт сөндірушілер шақырту орнына жеткен кезде 80 ш.м. болатын түнек үйдің ашық отпен жануын анықтады. Абырой болғанда үй ішінде адам болмаған.

Өрт сағат 00:23-те жойылды.

Өрттен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 3 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/atyrau-oblysynda-beyittegi-t-nek-y-rtendi-1001229](https://yvision.kz/post/atyrau-oblysynda-beyittegi-t-nek-y-rtendi-1001229)