---
title: "Атырау облысында 17 жасар тұрғын ұсталды"
description: "2024 жылғы 15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдіктегі Атырау облысының 17"
author: "jan.123"
published: "2024-02-16T06:33:07+00:00"
modified: "2024-02-16T06:33:07+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/atyrau-oblysynda-17-zhasar-t-r-yn-staldy-1001227"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/atyrau-oblysynda-17-zhasar-t-r-yn-staldy-1001227/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атырау облысында 17 жасар тұрғын ұсталды

> 2024 жылғы 15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдіктегі Атырау облысының 17

*2024 жылғы 15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдіктегі Атырау облысының 17 жасар тұрғыны ұсталды.*

![Атырау облысында 17 жасар тұрғын ұсталды](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/8b1d513a6b1817ab2f76de27ee708d.jpg)

Тінту кезінде одан тергеуге қызығушылық білдіретін материалдар алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Айта кететіні, 2023 жылы көрсетілген азамат ұқсас қылмыс үшін 2 жылға бас бостандығынан шектеуге жазаланған. Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырды. Бұл ретте, террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. ҰҚК баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/atyrau-oblysynda-17-zhasar-t-r-yn-staldy-1001227](https://yvision.kz/post/atyrau-oblysynda-17-zhasar-t-r-yn-staldy-1001227)