---
title: "ҚАТТЫ АЯЗДАН СҚО МАМЛЮТ АУДАНЫНДА ЕКІ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ"
description: "Учаскелік полиция инспекторлары СҚО ПД бастығы полиция майоры Берік Біләловтің жеке нұсқауы бойынш..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-02-15T02:58:56+00:00"
modified: "2019-02-15T02:58:56+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/atty-ayazdan-s-o-mamlyut-audanynda-eki-adam-t-aryldy-826307"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/atty-ayazdan-s-o-mamlyut-audanynda-eki-adam-t-aryldy-826307/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚАТТЫ АЯЗДАН СҚО МАМЛЮТ АУДАНЫНДА ЕКІ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

> Учаскелік полиция инспекторлары СҚО ПД бастығы полиция майоры Берік Біләловтің жеке нұсқауы бойынш...

![ҚАТТЫ АЯЗДАН СҚО МАМЛЮТ АУДАНЫНДА ЕКІ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/631bd6d17be99b104e838152e20824.jpg)

Учаскелік полиция инспекторлары СҚО ПД бастығы полиция майоры Берік Біләловтің жеке нұсқауы бойынша өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдардың қауіпсіздігіне көз жеткізу үшін аула бойы тексеруді тұрақты жүзеге асырды. Оларға бұл істе билік өкілдері мен жұртшылық белсенді көмектесті.

Мамлют ауданында учаскелік инспектор полиция майоры Александр Рогачёв, Леденёво селолық округінің әкімі Абзал Исманов және аудандық орталық аурухананың мейірбикесі Новоандреевка с. бет алған. Әлеуметтік жұмыскер жалғыз басты 69 жастағы ер адамның бірнеше күн бойы үйінен шықпағаны жайлы хабарласқан. Үйдің есігі ішкі бетінен жабулы болған, есік қаққан дыбысқа ешкім жауап бермеген. Бей-жай қарамайтын көршілер есікті ашуға көмек көрсетті. Үйдің іші салқын, ұйқыда жатқан сырқат қарияны тауып алады. Оны Мамлют АОА жеткізеді. Аурухананың бас дәрігері Марина Коробкованың жеке бақылауымен кешенді тексеру жүргізілгеннен кейін, нәтижесі бойынша емделуге жатқызылады.

Леденёво с. майор Рогачёвпен бірлесіп аула бойы тексеруге қоғамдық кеңестің төрайымы Күлеш Мәженова қатысты. Сондай аула бойы тексеру кезінде тұрғын үйдің шатыры астынан шыққан будақтаған түтінді байқайды. Үй ішінен аяғы сынғандықтан өз бетінше қозғала және құтқарыла алмайтын 34 жасар ауыл тұрғынын табады. Белгілі болғандай, оның әкесі пешті тұтатып, үйден шығып кеткен. Мұржаның бұзылуынан бөлме іші адам өміріне қауіпті түтінге толған.

Зардап шеккен ауыл тұрғыны уақытша туыстарының үйіне орналастырылды. Келеңсіз жағдайға ұшыраған ауыл тұрғынына туыстары, жұртшылық пен «Житница» ЖШС директоры Николай Касимович көмекке келді. Бір күннің ішінде пеш жөнделіп, отбасы үйіне қайта оралды.

Аяздың беті қайтқанына қарамастан, полицейлер жалғыз басты жандардың аулаларын тексеруді жалғастыратын болады.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/atty-ayazdan-s-o-mamlyut-audanynda-eki-adam-t-aryldy-826307](https://yvision.kz/post/atty-ayazdan-s-o-mamlyut-audanynda-eki-adam-t-aryldy-826307)