---
title: "Атом Жобасынын сыйлы елшiсI Карипбек Куюков:"
description: "Біз Қазақстанда Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық кампанияға Нобель бейбітшілік сыйлығын беру..."
author: "TheATOMproject"
published: "2017-10-06T23:18:30+00:00"
modified: "2017-10-07T08:14:06+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/atom-zhobasynyn-syyly-elshisi-karipbek-kuyukov-780934"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/atom-zhobasynyn-syyly-elshisi-karipbek-kuyukov-780934/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Атом Жобасынын сыйлы елшiсI Карипбек Куюков:

> Біз Қазақстанда Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық кампанияға Нобель бейбітшілік сыйлығын беру...

Біз Қазақстанда Ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық кампанияға Нобель бейбітшілік сыйлығын беру туралы жаңалықты үлкен шабытпен қарсы алдық.

Ядролық апокалипсис қаупі және онымен күресті сыйлық комитеті тиісті түрде бағалаған күн жетті. Осы сыйлықтың арқасында ICAN және өзін ядролық қаруға тыйым салуды қолдайтын әлем қозғалысының қатысушылары деп санайтын белсенділердің игі миссиясы жайлы ғаламшардағы бұрыннан да көп адамдары білетін болады.

Мен 2012 жылдың 29 тамызында Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев АТОМ халықаралық Жобасын іске қосуды жариялаған кезде, біз бірден ICAN бірлестігімен тығыз өзара әрекеттестік орнатқанымызға ризамын, оның ішінде, осының арқасында Семей және Жер планетасындағы басқа ядролық полигондар апатын әлем қоғамына жеткізуге бағытталған біздің бастамамыз әлемнің әр түрлі елдеріндегі ядролық қаруға қарсы белсенділердің қолдауына ие болды.

Сол кезден бастап мен ICAN ұйымдастырған Осло, Нью-Йорк, Женева және әлемнің басқа қалаларындағы шараларына тұрақты қатысуыма абыройлымын. Біз ICAN ұйымымен майдандаспыз, атап өткенде – қаруға қарсы жауынгер жолдаспыз.

Бүгін біздің ортақ күшімізді дүние жүзі мойындағанын сезінуді мақтан тұтамын.

Бұл сыйлық – әлемге ядролық қаруды сынаудың қайғылы салдарын еске салу және әлем қоғамын оған үзілді-кесілді тыйым салуға итермелеудің мүмкіндігі деп санаймын. Дәл осыны 1991 жылдан бері біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және бүкіл Қазақстан халқы қалайды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/atom-zhobasynyn-syyly-elshisi-karipbek-kuyukov-780934](https://yvision.kz/post/atom-zhobasynyn-syyly-elshisi-karipbek-kuyukov-780934)