---
title: "АТЕИСТЕР ДЕ ҚҰДАЙДАН ҚОРҚАДЫ"
description: "aАты әлемге әйгілі, әдебиет саласындағы Нобель силығының лауреаты Бразилиялық жазушы Пауло Коэльо өз..."
author: "gabe"
published: "2017-06-18T17:41:41+00:00"
modified: "2018-01-09T02:08:38+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ateister-de-daydan-or-ady-770449"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ateister-de-daydan-or-ady-770449/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АТЕИСТЕР ДЕ ҚҰДАЙДАН ҚОРҚАДЫ

> aАты әлемге әйгілі, әдебиет саласындағы Нобель силығының лауреаты Бразилиялық жазушы Пауло Коэльо өз...

![АТЕИСТЕР ДЕ ҚҰДАЙДАН ҚОРҚАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/gabe/c7wMw1f963YRbaM7b1kz6pBJ4H9O2H.jpg)

Швецариялық Востоковед-Шығыс танушы Адам Мец IХ-Х ғасырдағы араб халифаты туралы орасан мол мағлұмат жинап, талдап, топтап зерттеген. Ол еңбегін 1922 ж «Die Renaissance des Islams» («Мусульманский ренессанс») кітабын жариалаған. Әлі күнге дейін бұл еңбек жаңа заман Шығыс танушыларының қолынан түспейтін әліппесі көрінеді, орысшаға аударылған, мен оқып шыққам, үй кітапханамда бар. Мен бұл кітапты оқыған сайын құранды жете түсінуден түңіле бастаймын.

Бағдатта 962 ж. өлген Мутазиллит ан-Наккаш 12 мың бет-парақтан тұратын Құранға түсініктеме жазып қалтырыпты. Жоғарғы Египеттік Абу Бакр (998 ж. өлген) 120 томдық құранға түсініктеме жазыпты. Абд ас-Салам ал-Казвини (1090 ж. өлген) 300 томдық түсініктеме жазып қалтырыпты, оның 7 томы тек қана бір фатиханы түсіндіруге арналыпты. Мутазиллит Убайдуллах ал-Азди (997 ж. өлген) өз түсініктемелерінде құранның әр сүресі міндетті түрде мына сөздерден басталатын «Во имя Аллаха милостивого, милосердного» дегенді (Мейірімді Алла тағала үшін) қалай түсіну керек екендігі жөнінде әр түрлі 120 пікірлерді жинап келтіріпті.

Құран орыс тіліне бірнеше рет аударылған болатын. Ең соңғы және Ресей мұсылман ғалымдарының пікірінше, ең сапалы аударушы Валерия Прохорова. Оның күйеуі Сириялық араб, өзі араб тілінің білгірі. Құранды аударудың қиындыған айта отырып, көп ізденгенін, орасан мол материалдарды ақтарғанын, соның ішінде 16 томдық құранға түсініктемені еске алғаны бар еді. Ислам дінін араб тілінен, мәдениетінен, әдет-ғұрпынан бөліп алып, құранды жаттап таза өзін үйреніп аламыз деу ақылға сиымсыз. Бірақ, біз өзімізді атеист емес діншіл деп санағымыз келеді.

ХIХ-ғасырдағы орыстың демократ жазушысы А. Герцен өз әкесінің діншілдігі туралы былай депті (орысшасын, сосын өзім аударған нұсқасын келтірейін.

![АТЕИСТЕР ДЕ ҚҰДАЙДАН ҚОРҚАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/gabe/2dF6JSm28mxmiIp1b51N5djtlqiYzy.jpg)

"Мой отец считал религию в числе необходимых вещей благовоспитанного человека, он говорил, что надобно верить в священное писание без рассуждения, потому что умом тут ничего не возьмешь, и все мудрствования затемняют только предмет; что надобно исполнять обряды той религии, в которой родился, не вдаваясь, впрочем, в излишнюю набожность, которая идет старым женщинам, а мужчинам неприлично. Я полагаю – дейді автор өз пікірінше – что отец немного верил по привычке, из приличия и на всякий случай".

Мен мұны қазақшаға аударып келтірейін: «Менің әкем дінді инабатты тәрбие көрген адамға тән қасиет деп санайтын. Ол былай дейтін: қасиетті жазбаларға (священные писания, библия) сену керек, оларды талдап, талқылау керек емес, неге десеңіз мыйға қонымсыз, нақыл сөздер, оларды шатастыра түседі. Тым діншілдік тұңғиыққа батып кетпей-ақ, өзің туған ортадағы дін әдет-ғұрпын орында. Тым діншілдік еркектерге емес, кәрі әйелдерге жарасады!

---

Source: [https://yvision.kz/post/ateister-de-daydan-or-ady-770449](https://yvision.kz/post/ateister-de-daydan-or-ady-770449)