---
title: "Асылбек Мусин Абай туралы"
description: "Біз өзімізді Абайға рухы жақын, абайша ойлайтын адамдармыз деп есептейміз. Олай деуімізге себеп, Аба..."
author: "nurmura"
published: "2013-04-01T03:21:11+00:00"
modified: "2013-04-01T03:21:11+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/asylbek-musin-abay-turaly-344976"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/asylbek-musin-abay-turaly-344976/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Асылбек Мусин Абай туралы

> Біз өзімізді Абайға рухы жақын, абайша ойлайтын адамдармыз деп есептейміз. Олай деуімізге себеп, Аба...

Біз өзімізді Абайға рухы жақын, абайша ойлайтын адамдармыз деп есептейміз. Олай деуімізге себеп, Абай шығармаларының өн бойынан Декарт, Сократ, Платон, Аристотельдердің рухы есіп тұр.

Заманында Абайды ешкім естімеді. Ол сөзін жеткізе алмады. Неге? Біріншіден, Абайдың ортасы басқа болды. Екіншіден, ол кезде сөзді, ақпаратты алысқа, барша жұртқа тарататындай мүмкіндік болмады. Абай бір аймақта шектеліп қалды. Кім оны естісін?

Бірақ Абай кездейсоқ феномен емес. Бір сөзінде ол бәрінен шаршағанын айтады. Бұл – өмірде бәрінен көңілі қалған адамның сөзі! Егер рухы мен интеллекті төмен адам өмірден осылай шаршап, көңілі қалса, өзіне-өзі қол жұмсар еді. Ал Абай жазумен айналысқан дұрыс деп шешті. Неге ол сөзін қағазға арнады? Өйткені, айналасындағы жұрт керек қылмайды. Өйткені, мәдени код ол айтқан нәрселерге сәйкес емес. Осы себепті миссия және ағарту тұрғысынан алғанда Абайдың өмірі зая кетті деуге болады.

Оның өмірінің негізгі бөлігі революцияға 30-40 жыл қалғанға дейінгі уақытқа сәйкес келді. Яғни, біздің даламызға ақыл-ой дәуірі, ағартушылық дәуірі өңі айналып, марксизм түрінде келгенге дейінгі уақыт. Бұл жағынан алғанда біздің жолымыз болмады. Бізге ағартушылық код коммунистік модерннің біржақты етіп бейімделген вариантында жетті.

Алғашқы ағартушылар қазір ақпарат пен білім арқасында материалдық байлықты уыстарында ұстап, әлемді билеп отырған елдерден шықты. Ол – Англия, англосаксон өркениеті. Мұнымен салыстырсақ, басқаны айтпағанда, Франция мен Германияның өзі төменгі деңгейлерде. Өйткені, Фрэнсис Бэкон мен Джон Локк Англияда өмір сүрді. Декарт француз болғанымен, оны алдымен британ интеллектуалдары түсінді, негізгі картезиан мектебі Англияда болды.

Сонымен, бұл ағартушылық код бізге үш жыз жылдан кейін өңі айналып жетті.

Ал Абай өз тұсында Декарт сияқты бола алмады. Бола алмайтын да еді. Себебі, мана айтқанымыздай, әлеуметтік орта сәйкес емес-ті. Британ, француз ағартушылары өзгерістер дәуірінде, дәлірек айтсақ, өзгерістерден кейін өмір сүрді. Осы жағынан алғанда олардың жолы болды. Олардың заманы – протестанттық реформация өтіп, ғылыми революц........

http://nurmura.org/news/asylbek-musin-abai-turaly-stenogramma

---

Source: [https://yvision.kz/post/asylbek-musin-abay-turaly-344976](https://yvision.kz/post/asylbek-musin-abay-turaly-344976)