---
title: "«АСТЫҚ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНЫҢ 10 КҮНІ ІШІНДЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР 11 ҰРЛЫҚТЫ АШТЫ"
description: "20 тамыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері облыстық және аудандық маңызы бар жолда..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-09-03T15:42:02+00:00"
modified: "2019-09-03T15:42:02+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/asty-zhedel-profilaktikaly-is-sharasyny-10-k-ni-ishinde-policeyler-11-rly-ty-ashty-839935"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/asty-zhedel-profilaktikaly-is-sharasyny-10-k-ni-ishinde-policeyler-11-rly-ty-ashty-839935/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «АСТЫҚ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНЫҢ 10 КҮНІ ІШІНДЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР 11 ҰРЛЫҚТЫ АШТЫ

> 20 тамыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері облыстық және аудандық маңызы бар жолда...

20 тамыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда кезекшілікті күшейтті. Олар жолдарда ауыр жүк тиеген көліктердің жүргізушілерінің рұқсат құжаттарын тексереді. Облыста «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның мақсаты – орақ науқаны кезінде қоғамдық тәртіпті және жаңа орылған астықтың қолды болмауын қамтамасыз ету.

«Көп жылдық тәжірибе көрсеткендей, егін егу және орақ науқаны кездерінде ауыл шаруашылық құрылымдарында ұрлық саны өседі», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климов. – Әсіресе, мұндай қылмыстарға маусымдық қызметкерлердің қатысы бар екені байқалады. Көп жағдайда жаңа орылған астық, жанар-жағармай, ауыл шаруашылығы техникасының қосалқы бөлшектері қылмыстық әрекеттің себебі болады. Осындай қылмыстарға жүргізген талдау оларға қарсы күрестің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік берді. Соңғы жылдары «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ауыл шаруашылық құрылымдарында жасалған барлық қылмыстар ашылды. Ұрланған мүліктер иелеріне қайтарылады».

Операцияның 10 күні ішінде облыс аудандарында 11 қылмыс тіркелді. оның ішінде 2-уі – қосалқы бөлшектер және 8-і – дизельдік жағармай ұрлығы. Мамлют ауданында 180 литр жанармай комбайндардың бактарынан ағызылған. Диқаншылар үшін әр минут қымбат, сондықтан техника түнгі уақытта астық даласында қалдырылған. Тимирязев ауданы тұрғынының ауласынан үй құстарына жем ретінде алынған астық қалдықтары қолды болған. Ең ірі ұрлық Жамбыл ауданында орын алды. Шаруа қожалығындағылар гараждан қосалқы бөлшектердің, шойын батареялардың, металл құбырлардың жоғалғанын таңертең байқаған. Келтірілген шығын көлемі 1 100 000 теңгені құрады. Бұл қылмыстардың барлығы ашылды. Басым бөлігінде күдіктілер «ізін суытпай» қолға түсті.

СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев «Астық» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жеке құрамды аграрийлерге барынша көмек көрсетуге, шаруа қожалықтарының басшыларымен қоян-қолтық әріптестік жүргізуге, елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағыттады.

Операция қазанның 10-на дейін жалғасады.

![«АСТЫҚ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫНЫҢ 10 КҮНІ ІШІНДЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР 11 ҰРЛЫҚТЫ АШТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/d55c06c45474f3691f59c7beb82dbc.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/asty-zhedel-profilaktikaly-is-sharasyny-10-k-ni-ishinde-policeyler-11-rly-ty-ashty-839935](https://yvision.kz/post/asty-zhedel-profilaktikaly-is-sharasyny-10-k-ni-ishinde-policeyler-11-rly-ty-ashty-839935)