---
title: "«Astana-ZhasStarT»"
description: "Ләйла мен Зиляра атты екі бойжеткен мектептен бері құрбы. Біраз уақыт бөлек салаларда жұмыс істеп ке..."
author: "FundDamu"
published: "2016-12-15T03:56:06+00:00"
modified: "2016-12-15T03:56:06+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/astana-zhasstart-737933"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/astana-zhasstart-737933/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Astana-ZhasStarT»

> Ләйла мен Зиляра атты екі бойжеткен мектептен бері құрбы. Біраз уақыт бөлек салаларда жұмыс істеп ке...

Ләйла мен Зиляра атты екі бойжеткен мектептен бері құрбы. Біраз уақыт бөлек салаларда жұмыс істеп келіп, енді күші мен білімін біріктіріп, ортақ іс бастауға бел буыпты. Осылайша, мамандығы экономист Зиляра мен кәсіби тігінші Ләйла әйелдер киімін шығаратын **SAYDIN DESIGN** брендінің негізін қалады.

![«Astana-ZhasStarT»](https://storage.yvision.kz/images/user/funddamu/1F0246Be880f2Zb0Nl41oyO8Sj54bK.jpg)

Ол үшін жас кәсіпкерлер «Даму» қорының - «Astana-ZhasStarT» бағдарламасына жүгініпті.

«Astana-ZhasStarT» бағдарламасы астананың жаңадан іс бастаушы кәсіпкерлерін қолдауға бағытталған. Осы бағдарлама бойынша кәсіпкерлер «Даму» қорының кепілдігін пайдаланып, Сбербанктен 7% несе алған. Ол қаражатқа кәсіби тігін машиналары мен мата сатып алды.

![«Astana-ZhasStarT»](http://storage.yvision.kz/images/user/funddamu/Bl4WK755TGzEgxQ30p61kS9mNGPsqM.png)

Кәсіпкерлер әйелдер киімін тек бірегей лекало бойынша тігеді және басты артықшылығымыз - жоғары сапа мен төмен баға дейді. SAYDIN DESIGN киімдері тек сапалы матадан тігіледі, қазірдің өзінде бренді мен этикеткалары бар.

![«Astana-ZhasStarT»](https://storage.yvision.kz/images/user/funddamu/lT23018YoCX0KCAt2TTOwZLm25hss7.jpg)

Зиляра мен Ләйланың шығармашылығымен жақынырақ танысқыларыңыз келсе, Facebook және Instagram желілерінде: saydin_design. Ал «Astana-ZhasStarT» бағдарламасына қызығушылық танытсаңыз - Астана, Қажымұқан к., 8А, 1-қабатта орналасқан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіңіз. Мұндағы мамандар мемлекеттік қолдау бағдарламаларының шарттары туралы айтып береді және жеңілдікпен несие алу үшін қандай құжаттар жинау керек екенін түсіндіреді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/astana-zhasstart-737933](https://yvision.kz/post/astana-zhasstart-737933)