---
title: "АСТАНА ТЕАТРЫ — АТЫРАУДА!"
description: "2017 жылдың 17-23 сәуір аралығында Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық..."
author: "Kazteatr"
published: "2017-04-06T22:21:53+00:00"
modified: "2017-04-06T22:25:36+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/astana-teatry-atyrauda-762775"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/astana-teatry-atyrauda-762775/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АСТАНА ТЕАТРЫ — АТЫРАУДА!

> 2017 жылдың 17-23 сәуір аралығында Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық...

2017 жылдың 17-23 сәуір аралығында Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Атырау қаласында гастрольдік сапары өтеді.

Қаллеки театрының ұжымы бір апта көлемінде Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына 7 спектакльді тарту етпек, олар: Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасы, Т.Теменовтің «Аққудың көз жасы...»лирикалық драмасын, Р.Отарбаевтың «Әміре» драмасын, М.Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясын, А.Айларовтың «Сүрінген сүрбойдақ» комедиясын, Джон Патриктің «Қымбатты Памелла» комедиясын, М.Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-қараш» драмасын және балаларға арналған халық ертегісі «Ер Төстікті» ұсынады.

*Спектакльдер - Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры сахнасында өтеді.*

Театр өнерінің дамуына үлесін қосып жүрген Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Атырау қаласына жасап отырған бұл сапарының бірден-бір мақсаты - Батыс Қазақстандық тұрғындарға Астананың мәдениетін паш ету және де екі театрдың бір-бірімен тәжірбие алмасуына септігін тигізу болып табылады.

**Қойылымдар кестесі:**

17 сәуір - Т.Теменовтің «Аққудың көз жасы...»лирикалық драмасын;

18 сәуір - Р.Отарбаевтың «Әміре» драмасын;

19 сәуір - М.Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясын;

20 сәуір - Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасын;

21 сәуір - А.Айларовтың «Сүрінген сүрбойдақ» комедиясын;

22 сәуір - Джон Патриктің «Қымбатты Памелла» комедиясын;

23 сәуір - М.Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-қараш» драмасын

тамашалай аласыздар. **Басталуы 19.00**

 

*18-22 сәуір аралығында сағат 11.00 Балаларға арналған «ЕР ТӨСТІК» атты халық ертегісін ұсынады. Режиссері:Болат Ұзақов.

![АСТАНА ТЕАТРЫ — АТЫРАУДА!](https://storage.yvision.kz/images/user/kazteatr/GHqmm9YpCQR2yH66f3iiTln5QDaXuy.jpg)

*

---

Source: [https://yvision.kz/post/astana-teatry-atyrauda-762775](https://yvision.kz/post/astana-teatry-atyrauda-762775)