---
title: "Astana Sport Fest – 2017"
description: "Қала күні мерекесіне орай Студенттік саябақта Астана қ. жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма..."
author: "ad1lbekkkk"
published: "2017-07-13T04:48:55+00:00"
modified: "2017-07-13T04:48:55+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/astana-sport-fest-2017-772889"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/astana-sport-fest-2017-772889/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Astana Sport Fest – 2017

> Қала күні мерекесіне орай Студенттік саябақта Астана қ. жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма...

***

![Astana Sport Fest – 2017](https://storage.yvision.kz/images/user/ad1lbekkkk/u9XEX5pETDzGsmYAmzoLh0MYYjH21n.jpg)

Қала күні мерекесіне орай Студенттік саябақта Астана қ. жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың бастамасы бойынша Astana Sport Fest – 2017 жастар фестивалі өтті.***

Жастар мен жеткіншектер стрит-воркаут, кроссфит, паркур және брэйк-данс сынды спорт және би өнерінде сайысқа түсті. 3-ші орынды иеленгендерге гироскутер сыйға берілсе, 2-ші орынға ультрабук, 1-ші орынға Sony Playstation-4 ойын жабдығы берілді. Жүлдегерлер түрлі дипломдармен, кубок және медальдармен марапатталды.

Кросфитте 1-ші орынды ерлер арасында Сергей Затеев, әйелдер арасында Камила Макеева иеленді. Стрит-воркаут бойынша 1-ші орынға Әлішер Тобағұлов жайғасса, паркур бойынша 1-ші орынды Валерий Дудников иеленді.

Бидің брейк-данс түрі бойынша 1-ші орынға Әділ Жантаев жайғасты.

---

Source: [https://yvision.kz/post/astana-sport-fest-2017-772889](https://yvision.kz/post/astana-sport-fest-2017-772889)