---
title: "«Астана Опера» театрында «Бiржан-Сара»"
description: "Қазақтың көрнекті композиторы Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына орай 2013 ж. 8 қарашасында «Астана Опе..."
author: "aica_kz"
published: "2013-10-29T12:39:10+00:00"
modified: "2013-10-29T12:39:10+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/astana-opera-teatrynda-birzhan-sara-382323"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/astana-opera-teatrynda-birzhan-sara-382323/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Астана Опера» театрында «Бiржан-Сара»

> Қазақтың көрнекті композиторы Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына орай 2013 ж. 8 қарашасында «Астана Опе...

Қазақтың көрнекті композиторы **Мұқан Төлебаевтың** 100 жылдығына орай **2013 ж.** **8** **қарашасында** **«Астана Опера»** театрында композитордың үздік шығармаларының бірі - **«Бiржан-Сара»** операсы Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі Юрий Александровтың қойылымында ұсынылады.

Операның жаңа музыкалық редакциясының авторы – **Абзал М****ұ****хитдинов**. Басты партияларды орындайтындар – опера сахнасының жұлдыздары Қазақстан және Татарстан Республикаларының Халық әртісі **Н****ұ****ржамал** **Ү****сенбаева** және Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі **Ахме****т** **А****ғ****ади**. Алтынайдың рөлінде белгілі опера әншісі **Дина Хамзина**, Естайдың партиясын **Бе****йі****мбет Та****ң****ары****қ****ов** ойнайды.

Қойшы режиссер **Юрий Александров** көрермен назарына «Бiржан-Сара» операсының финалы өзгертілген жаңа қойылымды ұсынады. Онда фольклорлық сарын екінші орынға қалады да операны адам сезімі билейді, сезім – бүгінгі заман адамына барынша таныс қасиеттер. Қоюшы режиссердің өзіне қойған басты мақсаты – операны бүгінгі жас буынға түсінікті етіп қана қоймай, сондай-ақ, бірінші кезекте, көрерменге жеке бас драмасы мен мәңгілік махаббат идеясын жеткізу.

«Музыкалық театрда мен кісі өлімін мүлдем мойындамаймын, менің ойымша бұл жерде басқа өлім, сол себепті кісі өлімі өмірде, театр сыртында қала берсін. Біз қойылым соңын өзгертіп, Біржанды өмірге әкелеміз, себебі, мен өнерді өлтіруге болмайды деп есептеймін. Біз бір өзгеріс енгіздік: екінші акт кезіндегі Біржан мен Сараның бір-біріне ғашық екені анықталатын дуэтті соңына қойдық», - дейді Александров.

---

Source: [https://yvision.kz/post/astana-opera-teatrynda-birzhan-sara-382323](https://yvision.kz/post/astana-opera-teatrynda-birzhan-sara-382323)