---
title: "Астана, Astana"
description: "Өлең авторы: Айгүл Сағымбайқызы Кіндігім кесілген жан қалам, Бақ тілеймін саған Астанам. Сары- Арқам..."
author: "Aikosmuz"
published: "2013-10-21T17:20:34+00:00"
modified: "2013-10-21T17:20:34+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/astana-astana-380283"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/astana-astana-380283/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Астана, Astana

> Өлең авторы: Айгүл Сағымбайқызы Кіндігім кесілген жан қалам, Бақ тілеймін саған Астанам. Сары- Арқам...

Өлең авторы: Айгүл Сағымбайқызы

Кіндігім кесілген жан қалам, Бақ тілеймін саған Астанам. Сары- Арқам, жусан кең далам, Анамнан кейін, сен анам.

Қиындық өтті басыңнан, Әр ұлтпен бірге оңыңнан. Ән ұран таптық жолыңнан, Нәр алып талай суыңнан.

Жас баладай қуандың, Қайта оралған нәсіпке. Өсіп -- өнді ұрпағың, Жол сілтедің кәсіпке.

Қайта оралды ұрпағың, Бақыт қонды басыңа. Жәйнәй берсін, сол тағың, Жас қосылсын, жасыңа.

 

Видеоматериал "Астана, Astana" http://kaztube.kz/kz/video/95641

---

Source: [https://yvision.kz/post/astana-astana-380283](https://yvision.kz/post/astana-astana-380283)