---
title: "АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ"
description: "А.ж. 28 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ..."
author: "dagspk"
published: "2017-03-28T02:41:51+00:00"
modified: "2017-03-28T02:41:51+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/astana-alasyny-e-bek-zhymdarymen-kezdesu-761475"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/astana-alasyny-e-bek-zhymdarymen-kezdesu-761475/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

> А.ж. 28 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ...

А.ж. 28 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша №1 автобус паркі және Ұлттық гвардияның № 6636 әскери бөлімі ұжымымен кездесу өткізілді.

Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысының міндетін атқарушысы **Жазира Жылкышиева**, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыс «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры **Даулеткерей Рахметуллин**, «Нұр Отан» партиясының Астана қаласы бойынша филиалының партиялық бақылау инспекторы **Серик Кульбаев**, Кәсіподақ орталығының төрағасы **Сарсенбай Мынбаев**, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаментінің офицері **Гульнур Саменкулова** қатысты.

**Жазира Жылкышиева** өз сөзінде осындай іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа қоғамның назарын тарту мақсатында жүргізілетіндігін айтып кетті.

Өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топ мүшелері еңбек ұжымдарын белсенді азаматтық ұстанымды танытуға шақырды.

![АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ](https://im1.asset.yvimg.kz/images/post/special/illustration/9a/9a7c23b4afb55806a45f8907a1745e22_500_242.jpg?x=0.7657263331448021)

---

Source: [https://yvision.kz/post/astana-alasyny-e-bek-zhymdarymen-kezdesu-761475](https://yvision.kz/post/astana-alasyny-e-bek-zhymdarymen-kezdesu-761475)