---
title: "Asia Model Festival халықаралық байқауы аясында Face..."
description: "Алматыда Asia Model Festival халықаралық байқауы аясында Face of Central Asia байқауының жартылай финалы өтті, биылғы жылы ол 18-ші рет өткізіліп отыр. Оңтүстік Кореяда дәстүрлі түрде Asia Model Festival халықаралық сұлулық және сән фестивалі өтеді...."
author: "Burkhanova"
published: "2024-06-13T06:45:14+00:00"
modified: "2024-06-13T06:45:14+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/asia-model-festival-haly-araly-bay-auy-ayasynda-face-of-central-asia-bay-auyny-zhartylay-finaly-1005610"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/asia-model-festival-haly-araly-bay-auy-ayasynda-face-of-central-asia-bay-auyny-zhartylay-finaly-1005610/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Asia Model Festival халықаралық байқауы аясында Face...

> Алматыда Asia Model Festival халықаралық байқауы аясында Face of Central Asia байқауының жартылай финалы өтті, биылғы жылы ол 18-ші рет өткізіліп отыр. Оңтүстік Кореяда дәстүрлі түрде Asia Model Festival халықаралық сұлулық және сән фестивалі өтеді....

Алматыда Asia Model Festival халықаралық байқауы аясында Face of Central Asia байқауының жартылай финалы өтті, биылғы жылы ол 18-ші рет өткізіліп отыр.

Оңтүстік Кореяда дәстүрлі түрде Asia Model Festival халықаралық сұлулық және сән фестивалі өтеді.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/575869c54de2a4e306575d5490dbe5.jpg)

Бүгінгі таңда оған 22 ел қатысады: Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Үндістан, Сингапур, Камбоджа және басқа елдер , олардың ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан.

Face of Central Asia-елдер арасында мәдени алмасудың елеулі оқиғасы.

Face of Central Asia жеңімпаздары Оңтүстік Кореядағы финалдық байқауға қатысады.

![](https://alma-city.kz/uploads/posts/2024-06/1718185143_whatsapp-image-2024-06-12-at-14_11_46.jpeg)

Жыл сайынғы Asia Model фестивалінде бәсекеге модельдер ғана түсіп қоймайды. Танымал және бұл салада енді ғана көріне бастаған дизайнерлер де өз брендтерін ұсынады.

Мәселен, Asia Model Festival салтанатты шараларының біріне қазылар алқасының құрметті мүшесі ретінде аты аңызға айналған аяқ киім дизайнері Джимми Чу шақырылған болатын.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/ea9e1d9e8bb581d77c5390cc6f62d3.jpg)

Фестивальге кезінде әйгілі сәнгерлер Анна Суи, Леа Сон және басқа да танымал фэшн- тұлғалар өздерінің киім топтамаларын ұсынған.

Asia Model Festival- өзіңізді, өз еліңізді көрсетудің, өзіңізді танымал етудің бірегей мүмкіндігі.

Оңтүстік Кореядағы фестивальдің финалы әлемнің 127 елінде ArirangTV и KBS world сияқты халықаралық телеарналарда, сондай-оlline желісінде тікелей эфирде көрсетіледі.

Биылғы жылы Қазақстан атынан бұл шараға финалға шыққан Ермағамбет Айдана, Қайсар Әмір, Шәріпқазы Дария қатысады.

Face of Central Asia шоуына қатысқан дизайнерлер: коллаборация LABORATORIO SS 2024 Aya Nurkenova+ Oksana Mekhanoshina, Arunaz ательесі және yanglain.brand трансформерлер бренді Аделя Бетабаева.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/442a7ad1c8dc63a01436a0a0ec7bc2.jpg)

Ал Star Model Kazakhstan 2024 ретінде Сеулге блогер, актриса Дамеля Sweet барады.

Балаларымызға сәттілік тілейміз!

Сеулде олар тек байқауға ғана қатысып қоймайды. Кореялық модельдік бизнес қауымдастығы 5000-нан астам көрермен жинайтын үлкен шоу ұйымдастырады. Өйткені, шоу дегеніңіз тек түрлі - түсті қойылымдар ғана емес, сонымен қатар онда танымал қонақтар келмек, оның ішінде топ-модельдер, К-поп жұлдыздары, актерлер және сән әлемі мен сұлулық индустриясындағы жетекші қайраткерлер.

---

Source: [https://yvision.kz/post/asia-model-festival-haly-araly-bay-auy-ayasynda-face-of-central-asia-bay-auyny-zhartylay-finaly-1005610](https://yvision.kz/post/asia-model-festival-haly-araly-bay-auy-ayasynda-face-of-central-asia-bay-auyny-zhartylay-finaly-1005610)