---
title: "«Ас болсында» — украин асханасы"
description: "Бүгін 12:25-те Ұлттық арнадан көріңіз. Нанды қышқыл қамырдан домалақ, ұзынша қалыпта пісіретін халы..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-13T21:41:03+00:00"
modified: "2015-11-13T21:41:03+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/as-bolsynda-ukrain-ashanasy-638168"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/as-bolsynda-ukrain-ashanasy-638168/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ас болсында» — украин асханасы

> Бүгін 12:25-те Ұлттық арнадан көріңіз. Нанды қышқыл қамырдан домалақ, ұзынша қалыпта пісіретін халы...

Бүгін 12:25-те Ұлттық арнадан көріңіз.

![«Ас болсында» — украин асханасы](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/7Kp9Eg0Sus7hZOKE8Q48QyhnP5CR7o.png)

Нанды қышқыл қамырдан домалақ, ұзынша қалыпта пісіретін халықтың бірі – украин. Бұл елде ішіне түрлі нәрселер салынған бәліштер мен жұқа нандар кеңінен таралған.

Украиндықтардың әйгілі тағамы – борщ. Оның түрлі дайындау тәсілдері бар. Күнделікті тағамдар ішінде сүт тағамдары көп.

Кубаньда украиндықтар адыгей ірімшігін, Башқұртстан мен Қазақстанда – қымыз және айран жасайды. Ет, шұжық күнделікті де, мерекелік те азық түрі саналады.

Сіз украиндердің қандай тағам түрін білесіз? Оның жасалу жолдары қандай? Бүгін 12:25-те кәсіпқой аспаз бен әуесқой украин асханасында бақтарын сынап көрмек.

---

Source: [https://yvision.kz/post/as-bolsynda-ukrain-ashanasy-638168](https://yvision.kz/post/as-bolsynda-ukrain-ashanasy-638168)