---
title: "Армысыз, Аяз ата!"
description: "Көкше өңірінің жауһары Бурабайға алыс-жақыннан ат басын бұратын туристер аз емес. Жайдары жазда ғана..."
author: "usergoogle114665564545802639179"
published: "2022-12-24T05:37:43+00:00"
modified: "2022-12-24T17:02:49+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/armysyz-ayaz-ata-981291"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/armysyz-ayaz-ata-981291/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Армысыз, Аяз ата!

> Көкше өңірінің жауһары Бурабайға алыс-жақыннан ат басын бұратын туристер аз емес. Жайдары жазда ғана...

Көкше өңірінің жауһары Бурабайға алыс-жақыннан ат басын бұратын туристер аз емес. Жайдары жазда ғана емес, қалың қар жамылған, шыңылтыр аязы бет шымшыған қыс мезгілінде де туристер толассыз келіп жатады. Бұл орайда, жылдың төрт мезгілінде Көкше өңіріне келушілердің қатарын көбейту үшін ҚР Президентінің Іс Басқармасына қарасты «Бурабай Даму» ЖШС үлкен іс тындырып жатқанын атап өткен жөн. Таяуда «Бурабайдағы қыс маусымы» атты баспасөз турының барысында осыған көз жеткіздік. Жаңа жыл қарсаңында «Астана-Бурабай» бағытындағы мерекелік вагондар тіркелген электр пойызына мінсеңіз, бірнеше сағаттан кейін Бурабайдағы қыз-қыз қайнаған думанды жерге жетесіз. БАҚ өңілдерінің сапары Бурабай кентінен 20 шақырымдай жердегі Марал шаруашылығынан басталды. Тау етегіндегі орманды алқапта теңбіл жануарлардың қажетті шөбін теріп жеп, қажетінше салмақ қосуына, қоршаған ортамен үйлесімді дамуына барлық жағдай жасалған. 600 гектардан астам жерді алып жатқан шаруашылықта 200-ден аса марал бар. Шаруашылық жетекшісі Радик Әшімов:

– Бұл жердің табиғаты бұғы-маралдардың тыныс-тіршілігіне өте қолайды. Алғаш 2009 жылы Шығыс Қазақстаннан әкелінген болатын. Содан бері олар жергілікті табиғатқа бейімделіп, көбейіп жатыр, – дейді. Продолжение у нас на сайте #новости #bizkz #тренды #трендыbiz #новостиbiz

---

Source: [https://yvision.kz/post/armysyz-ayaz-ata-981291](https://yvision.kz/post/armysyz-ayaz-ata-981291)