---
title: "Арман, арман, арман, арман, арман, арман, арман-ай"
description: "- Папа, менің сыныбымда біздің туысқанымыз оқиды екен,-деген. - Ол қандай туысқан екен?- дегенімде..."
author: "Beibit_Sarybai"
published: "2018-01-30T22:16:57+00:00"
modified: "2018-01-30T22:16:57+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/arman-arman-arman-arman-arman-arman-arman-ay-794742"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/arman-arman-arman-arman-arman-arman-arman-ay-794742/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Арман, арман, арман, арман, арман, арман, арман-ай

> - Папа, менің сыныбымда біздің туысқанымыз оқиды екен,-деген. - Ол қандай туысқан екен?- дегенімде...

- Папа, менің сыныбымда біздің туысқанымыз оқиды екен,-деген.

- Ол қандай туысқан екен?- дегенімде; -Бәйсейіт екен, Арман Сқабылұлы деген кісінің немересі,-деп еді. Содан қайтып қаузамаған екенмін. Бүгін мектепке бара қалғам. Сырттарынан байқадым, екеуі бірге ойнап жүр. Мені көріп екеуі де жүгіріп келді. Қуаласпақ ойнаса керек, екеуі де ентігіп тұр. Екі беттері алмадай. Бір кезде кішкентай туысқаным:
- Аға, сіз Арман Сқабылұлын танисыз ба?-деді.

- Танымағанда, туысқан ағам ғой,-дедім.

- Мен сол кісінің немересімін,-деді.

- Білемін,-дедім. Сөйттік те үшеуміз тұра қалып суретке түстік. Содан мен мектепке кіріп кеттім. Ол екеуі сыртта қалған. Мен жұмысқа қайта баратын болғандықтан, Айбаршын үйге өзі қайтуы керек тұғын. Ойымда ештеңе жоқ, мектептегі шаруаларды бітіріп сыртқа шықсам, көлігімнің багажнигінің үятінде екі сөмке тұр. Айбаршын да, туысқан қызым да көрінбейді. Үйге кетіп қалған ғой деп топшыладым. Сосын не керек, сол жерде ойнап жүрген оқушыларғы: -Мына сөмкелеріңді алыңдар,-десем, олар біздікі емес деп шу ете қалды. Енді кімдікі десем, білмейміз дейді. Өзім асығыс едім, екі сөмкені мектепке кіргізіп, вахтаға қалдырып, тайып тұрдым. Кім де болса, сол жерден табар деп ойладым. Әбден бері шыққанда барып бағанағы сөмкелер біздің қыздардікі емес пе екен деп ойладым. Айбаршынның телефонына қоңыраулатып едім, алмады. Автобуста болар деп ойладым. Өйткені біз оған автобуста телефоныңды алма деп қатаң ескерткенбіз. Себебі бұның алдындағы телефоны автобуста жоғалған. Мазаламайын дедім. Бір кезде қызым хабарласып тұр.

- Папа, бағана сен хабарласқанда телефоным сумкамда болған еді, естімей қалыппын.

- Сумкаң қайда еді?

- Сенің машинаңның багажнигінде болған. - ...

- Не қылды?

- Содан қайдан таптың?

- Нені?

- Сөмкеңді.

- Вахтадан алдық. Мәссаған. Бұл не деген балалық, бұл не деген аңғалдық. Алдыңғы телефон да арзан емес еді, мынау да сорлы емес. Марат ағамыз әперген Айфон-5. Күн сайын айтып жүрген «аузыңды ашпа, аңқима, ұқыпты бол, сақ бол» деп құлағына құйып жүрген ескертпелеріміз қайда? Бала деген осы екен ғой. Арман аға, аяулы Алматыңызда осындай қызықтар болып жатыр. Ал сіз жүрсіз арқаның ақтүтек боранына тұншығып. Бала-шағаны, мынандай тәтті немерені тастап, салт басты, сабау қамшылы адам құсап қаңғып жүргеніңізге жол болсын. Сонда айына қанша табасыз? Осының бәріне тати ма? Әлде «Партия қайда болса – жеңіс сонда» деген ұранмен жүрсіз бе? Ол жұмыстарды Алматыда отырып та тындыруға болатын шығар. Екі мыңыншы жылдардың белортасында Тоқтардың: «Немерең жүр ғой қалада, бетінен келіп сүйіп кет»,-деген әні болатын еді. Сол есіме түсті. Аға, сізге лажы болса қайту керек. «Немерең жүр ғой қалада, бетінен келіп сүйіп, біржола қалып кет». Отыз бес жыл асыраған Алматыңыз ендігі қалған қырық екі жыл өміріңде аш қалдырмас. «Сағынғанда бір келерсің, Сарғайғанда бір келерсің, Алатаудың бауырына. Арман, арман, арман, арман, арман, арман, арман-ай...»

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/post/arman-arman-arman-arman-arman-arman-arman-ay-794742](https://yvision.kz/post/arman-arman-arman-arman-arman-arman-arman-ay-794742)