---
title: "АРМАНҒА БАСТАР ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ"
description: "Бүгін республикамыздағы мектептердің есігі тағы да айқара ашылып, оқушыларын қарсы алды. 2 қыркүйекк..."
author: "MON_RK"
published: "2017-09-04T23:50:48+00:00"
modified: "2017-09-04T23:56:32+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/arman-a-bastar-zha-a-o-u-zhyly-777573"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/arman-a-bastar-zha-a-o-u-zhyly-777573/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АРМАНҒА БАСТАР ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ

> Бүгін республикамыздағы мектептердің есігі тағы да айқара ашылып, оқушыларын қарсы алды. 2 қыркүйекк...

Бүгін республикамыздағы мектептердің есігі тағы да айқара ашылып, оқушыларын қарсы алды. 2 қыркүйекке тура келген Білім күнінде біз Алматыдағы үш мектепке барып, соның бірінде №175 «Жаңа ғасыр» мектеп-гимназиясының оқушысы Жанель Сәрсенбаймен сұхбаттасқан едік. Жанель оқушылар атынан барша қазақстандықтарды Білім күнімен құттықтап, құрбы-құрдастарына озат оқып, ата-аналарының үмітін ақтауды тіледі. Ал өзі биылғы оқу жылында жаңа достар тапқысы келетінін айтып қалды.

Жанель — 5«б» сыныбында оқиды. Былтыр барлық сабақты беске оқыпты. Ең жақсы көретін пәндері — сурет, математика мен ағылшын тілі. Жанель жазғы демалысы қызықты күндерге толы болғанын айтады. Каникул бастала салып лагерьде демалып, одан кейін Алакөлге жол тартып, кейіннен шет елге саяхаттап барып қайтқан. Бірінші қыркүйек - ол үшін алғашқы қоңырау, Білім күні. Қазір алғашқы ұстазы Әлия Исаеваны сағынып жүр. Бастауышты бітірген Жанель биыл жаңа сынып жетекшісімен танысады. Ол достарын көруге асық болғанын, әсіресе жан құрбысы Шұғыланы қатты сағынғанын айтады. Жанель ән салуды жақсы көреді. Вокалдан қосымша сабақ алып жүрген талапты қыз болашақта әнші болғысы келетінін жасырмады. 5 жасынан түрлі байқауларға қатысқан Жанел 8-ге толған жылы Болгарияда өткен халықаралық байқауда жүлдегер атаныпты. Жазғы демалыс күндері «Балапан» концертіне де қатысып үлгерген. Бізге Адель орындайтын «Rolling in the Deep» пен «Саржайлау», «Жау-жау жаңбырды» шырқап берді. Біздің кейіпкеріміздің інісі мен сіңлісі бар. Олар да 175-ші мектепте оқиды. Жанель олардың сабақ оқуына анасымен бірдей көмектесетінін айтты. Келесі репортаж барысында біз 148-ші мектеп оқушысының анасы жайлы сырлы сұхбатты ұсынамыз [https://yvision.kz/post/777336](https://yvision.kz/post/777336); Алматыдағы №83 мектепте Білім күні қалай өткенінен хабар береміз [https://yvision.kz/post/777324](https://yvision.kz/post/777324).

![АРМАНҒА БАСТАР ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/GYsPVqpBPBHn5yveV2v5r56l8xthcE.jpg)

![АРМАНҒА БАСТАР ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/COV2gC1lUMnhCm1casl1A05CAGBFA0.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/arman-a-bastar-zha-a-o-u-zhyly-777573](https://yvision.kz/post/arman-a-bastar-zha-a-o-u-zhyly-777573)