---
title: "Арман"
description: "Алыстан қол бұлғайды асыл арман Көңілдің қалауын еш жасыра алман. Жетемін деп әйтеуір бір күндері ..."
author: "sharapat2895"
published: "2016-02-26T12:17:31+00:00"
modified: "2016-02-26T12:18:10+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/arman-680605"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/arman-680605/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Арман

> Алыстан қол бұлғайды асыл арман Көңілдің қалауын еш жасыра алман. Жетемін деп әйтеуір бір күндері ...

Алыстан қол бұлғайды асыл арман

Көңілдің қалауын еш жасыра алман.

Жетемін деп әйтеуір бір күндері

Мен пенде болашаққа жолды салған.

 

Арман-ау, арман бері қара маған,

Жете аламай талай адам жолда қалған.

Қаншама сәтсіздіктен өтсем дағы

Әйтеуір бір күндері жетем саған.

 

Арман-ау, арман мені ұмытпағың

Баурап мені бір өзіңе құрықтадың.

Үміттің оты сөніп кей кездері

Жүректің талай жидым сынықтарын.

 

Арман-ау, арман үңіл жанарыма,

Тағдырым мені әлсіз санады ма?

Сынағын аямады,тоқтатпады

Тек кейде сәл оң көзбен қарады да.

 

Арман-ау, арман саған жетем алда

Сенімім шаршамағың,мүлде талма.

Ақырын қадам басып келемін мен

Басымды тік көтеріп әр сәт алға.

![Арман](https://storage.yvision.kz/images/user/sharapat2895/E2b1GAor2bXaFMJJoU1jlr2TQAtD9q.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/arman-680605](https://yvision.kz/post/arman-680605)