---
title: "Арбат – 2016 Баянауыл"
description: "Баянауыл ауданы ішкі саясат бөлімі Жастар орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 12 тамыз дүниежүз..."
author: "CRMI"
published: "2016-08-15T05:16:20+00:00"
modified: "2016-08-15T05:16:20+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/arbat-2016-bayanauyl-707190"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/arbat-2016-bayanauyl-707190/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Арбат – 2016 Баянауыл

> Баянауыл ауданы ішкі саясат бөлімі Жастар орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 12 тамыз дүниежүз...

Баянауыл ауданы ішкі саясат бөлімі Жастар орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылғы 12 тамыз дүниежүзілік жастар күні қарсаңында аудан орталығында «Арбат – 2016 Баянауыл» жастар шығармашылық көрмесі алғаш рет ұйымдастырылды.

![Арбат – 2016 Баянауыл](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/VnEtg09xxJcdC7Wru434dLv98m5qXt.jpg)

«Арбат – 2016 Баянауыл» жастар шығармашылық көрмесі Баянауыл ауылының орталық алаңында, арнайы бірнеше бөлінген алаңдарында қол өнер, сурет салу, ән айту, бейнелеу өнері, музыкалық аспаптарда ойнау, суретке түсіру шығармашылық бағыттар және тәтті тағам жәрмеңкесі, асық ату, арқан тарту түрлерінен өтті. Орталық сахнада талантты жастар өз өнерлерін ортаға салды.

![Арбат – 2016 Баянауыл](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/T10ZV7Za7871UR4c3gbyY4ZVbzmCBm.jpg)

«Арбат – 2016 Баянауыл» жастар шығармашылық көрмесін ауқымды өткізу мақсатында, шараға Майқайың кенті және барлық ауылдық округтерінің 14 – 29 жас аралығындағы жалынды жастарының қатысуымен ауқымды деңгейлі, жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Сонымен қатар аудан тұрғындары жастардың өнерін тамашалап, өз қолдауын көрсетті.

![Арбат – 2016 Баянауыл](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/nbT9Ylh8skm4Q47jENoCHWbnh3i463.jpg)

Шара қорытындысы бойынша өнер көрсеткен жастар, ішкі саясат, «Нұр Отан» және «Жастар орталығы» тарапынан жүлделі орындармен, түрлі номинациялармен мараппатталды. «Арбат» жастар шығармашылық көрмесі Баянауыл ауданында өткізу дәстүрге айналып, алдағы жылдарда жалғасын табады.

![Арбат – 2016 Баянауыл](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/7zL7AUGiDgJI7W3EAgoRT9ddXhlBPM.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/arbat-2016-bayanauyl-707190](https://yvision.kz/post/arbat-2016-bayanauyl-707190)