---
title: "ҚАРА ТАҚЫР ШӨЛ"
description: "Таң ағара үш зерттеуші мен Аннуир жылы киініп, қоржын арқалап, мылтық асынып жолға шықты. Гороховк..."
author: "kitap28"
published: "2016-04-13T06:11:43+00:00"
modified: "2016-04-14T13:48:19+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ara-ta-yr-sh-l-689000"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ara-ta-yr-sh-l-689000/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚАРА ТАҚЫР ШӨЛ

> Таң ағара үш зерттеуші мен Аннуир жылы киініп, қоржын арқалап, мылтық асынып жолға шықты. Гороховк...

Таң ағара үш зерттеуші мен Аннуир жылы киініп, қоржын

арқалап, мылтық асынып жолға шықты. Гороховка көлді

барлауға кеттік, келесі күні ораламыз, сені онкилондарға

қайтып келуіміздің кепілі ретінде қалдырдық деп хат тастады.

Тұман тым қалың еді, Аннуир шеткі мекеннің жолын бірден

тауып, серіктерін сеніммен бастап жүрді. Күннің суықтығы

оларды шапшаң жүруге мәжбүр етті. Шөп басы бозқыраудан

көрінбейді, жағасынан сүрлеу өткен бір көлдің бетіне

қабыршақ мұз қатыпты.

– Бұл уақытта мұндай суық өмірі болған емес, – деді

мұзды көргенде Аннуир.

– Міне, Мыңтүтін алқабына да осы үшін бара жатқан

жокпыз ба, неге бұлай тез суытып кеткенін сонан білеміз, –

деп түсіндірді оған Ордин.

Тұман түске тармаса, жолаушылар ең шеткі тұраққа жетіп,

түстік жасау үшін тоқтағанда ғана айықты. Жер сілкінгенде

бұл жертөле де құлаған екен, қазір қалпына келтіріліпті. Бұл

жұрт ақ адамдарды меймандостықпен қарсы алды, зады

Амнундак тұқымының бұларға деген алакөздігі мен

сенімсіздігі әзір бұ жақты шарпи қоймаған. Қасиетті көлдің

құрып кеткені туралы олар да біліпті, бірақ барабаннан бұл

жөнінде келушілерді кінәлайтын белгі болмапты.228

Туыс-туғандары жақсы көретін Аннуирдің арасында болуы

ақ адамдар қашып жүр деген ешқандай сезім туғызған жоқ,

қайта үш жауынгер еріп жүруге тілек білдірді, оларына

қарсылық болмаған соң көсемнің рұқсатынсыз шығып жүр

деген ой тіпті ешкімге келмеді.

Тынығып алып олар әрі қарай тартты. Күн жылына

бастады, бірақ жаз сияқты емес, дәл бір күздей ызғар бар.

Ең төте жолмен терістікке бет алып, ұзамай сирек өсімдікті

алқапқа, сонан тура қу тақырға түсті. Мұнда болған өзгеріс

бес-алты шақырымнан-ақ белгілі болды – көкжиекте самсап

қоя беретін бу бағандары көзге түспей, ойпаттың қап-қара

құз кемерлері менмұндалап тұрды. Мыңтүтін алқабына

шыққанда бәрі айран-асыр, таң-тамаша болды. Төңіректі

кемпірқосақ шұғыласымен құлпыртып түрлендіріп тұратын

мың бағанның бірі жоқ, қайнаған көлдердің суы суалып қалған,

болмаса баяғысындай сақылдамай тұнып қалған. Көз жетер

жердің бәрі беті сәл буалдырланған елсіз-күнсіз қу тақыр, әр

тұсын айқыш-ұйқыш жарықшақтар тілімдеп, онан ыстық леп

еседі, жел желпіген сол тымырсық ауа алып бір наубайхананың

немесе металлургия пешінің маңындағыдай әсер етеді. Ауық-

ауық жел тұрып, өлі өңірдің үстіне қап-қара құйын ұйтқытады.

Қызған ауа мұнарта толқып, аңғардың қап-қара жар-құздары

айдын көл бетінде жүзіп бара жатқандай алуан түрге еніп,

мың түрленеді. Бейнебір көл жағасында алып бір қала

асқақтап тұрғандай көрінеді.

Болған өзгеріске бәрі таңырқай қарасты. Жиһангездерді

өткен жолы да ертіп келген онкилондар мынаны көріп шошып

кетті. Өзара сыбырласып, ақыры мұның себебін сұрап білуге

бел буды:

– Осы арадан бұрын көріп жүретін мың түтініміз қайда?

Ет пісіретін көліміз қайда кеткен? Бұның себебі не, ақ

адамдар, айтсаңдаршы. Жерасты рухтары от жағып, ас пісіруін

неліктен доғарды екен? Өлді ме, ұйқыға енді ме, әлде басқа

жаққа ауды ма олар?229

Аннуирдің көмегімен Горюнов оларға осының бәрі жер

сілкінуінің зардабы екенін түсіндірді. Онкилондар аз да болса

түсінгендей болып, тұтқиылдан тұжырым жасады және дұрыс

тұжырым жасады:

– Демек, өткен жолғыдай алыс баруымыздың енді қажеті

жоқ қой.

Шынында да, қара тақыр шөлдің қойнауына енудің қажеті

жоқ еді, әрі жолы да қиын. Қызып қайнап тұрған ауада дем

алудың өзі ауырлап барады. Өткен жолы самсаған бу

бағандары ауада салқындап, температураны сәл түсіріп тұрған-

ды: сондықтан моншадағыдай ыстық болса да оған шыдауға

болатын еді.

Өлі өңірге, оның үстінде бұлдыраған қиял қалаға ақтық

рет көз тастап, кері қайтқан жиһангездер өсімдікті алқапта

алғаш кездескен көлдің жағасына келіп қоналқаға тоқтады.

Терістік желі шөлден ыстық айдап әкелгенінен бе, бұл ара

әлі жылы екен. От басына жайғасып, ет пісіре отырып, олар

жағдайды талқылауға кірісті. Аннуир өз ағайындарын әңгімеге

тартып, жиһангездердің еркін сөйлеуіне жағдай жасады, бірақ

бәрі де толқулы.

– Бүгін көргендерімізден қандай қорытынды жасауға

болады? – деп сұрады Горюнов.

– Бұдан аса байсалды қорытынды шығады, – деп жауап

берді Ордин. – Жер сілкінуі ойпаттың жерасты жүйесін

шұғыл өзгерткен деген менің болжамым, өкінішке орай,

бастан-аяқ дұрысқа шықты. Санников жерінің жылытқышы,

яғни Мыңтүтін алқабын осылай атауға толық негіз бар,

бүлінген. Оның топырағы әзір жылы, бірақ ұзамай суынады,

сөйтіп таяу уақытта ойпат қатып, поляр мұзының ортасындағы

осынау жерұйық көзден бұлбұл ұшып, ғайып болады.

– Одан өзге ештеңе күтуге болмағаны ма? Сонда бірден-

бір мүмкін қорытынды осы ғой, сірә? – деп сұрады Костяков.

– Жоқ, бұл бірден-бір қорытынды емес, жанартаудың

фумарол, қайнаған, көпіршіген көл болып көзге түскен қимыл-230

қарекетінің бірте-бірте бәсеңдеп, табиғи жолмен тоқтауы әлі

екіталай. Олай тоқтаған болса ойпаттағы өмір де ондаған

жылдарға созылып барып бірте-бірте өшер еді, қыс та бірден-

бірге суытып, қытымырлана түсіп, жан-жануар, өсімдік, адам

тіршілік жағдайының нашарлауына қарсы ұзақ күресер еді.

– Ал қазір олар бір қыстың ішінде құрып кеткелі тұр ма?

– Жуық аптаның, тіпті айдың бағдарында жылытқышы

қалпына келмесе, солай болары хақ.

– Қалайша, ол қалпына келе ала ма?

– Меніңше, қалпына келе алады, келуге тиіс те. Сөнгенін,

иә ұйықтап жатқанын біз әзір білмей отырған жанартаудан

бу мен газ ретінде жер үстіне атқылап мол жылу шығып

жатқан жарықшақтардың бәрі жер сілкінуінен жабылып

қалды. Бөлініп тұратын бұл жылу, жолы бітеліп қалған соң

ғана тоқтап тұруы ықтимал. Тереңде жиналып жатқан сол

газ бен су ерте ме, кеш пе – әйтеуір сыртқа бір жол табады.

Жол табуы кешеуілдеген сайын қатері күшейе түспек.

Сондықтан бу мен газдың жоғары шығатын бұрынғы жолын,

не жаңасын ашатын тағы бір жер сілкіну жақын арада болуын

тілейік. Дағдарысты ауырсынбай шешудің тиімді тәсілі осы,

себебі бу мен газ шектен шығып шиыршық атқанша жиналып

жатады да, шарықтау шегіне жеткенде бұрқ етіп жолды өзі

ашып алады, ал бұл жанартаудың қалпына келуімен тынуы

мүмкін, онда жұрт біз ойлағандай суықтан емес, оттан

қырылады.

– Міне, мәселе қайда! – деп дауыстап жіберді Костяков.

– Талайсыз-бақсыз онкилондар-ай, қалай болғанда да

тұқымы тұздай құрығалы тұр екен ғой!

– Жалғыз ғана құтылар жол – жердің жаңадан сілкінуі!

– деп өзінше қайталады Горюнов. – Ал олар құдайына

жалбарынып, жерді қайта сілкіндіре көрме деп тілейді.231

– Иә, құтқарар жол жақын арада жаңадан жер сілкіну

ғана. Ал ол келер көктемде ғана сілкінсе, одан пайда аз,

жануарлардың көбі қырық-елу градустық суық қысты, көз

аштырмайтын боранды көтере алмай қырылып бітеді.

Жертөледе онкилондардың аман қыстап шығуы мүмкін,

әйтеуір мұнда отын жеткілікті ғой, ал алдағы жазда олар

аштықтан қырыла бастайды, себебі ірі аңның бәрі құрып

болады.

– Ал жыл құстарын, су жаңғағы мен қозықұйрықты,

жидек пен тамырды қайда қоясыз?.. Сіз қара бояуды

қалыңдатып, тіпті құлазытып жібердіңіз.

– Жарайды, ол да мүмкін. Дегенмен олардың тамақты

аз әрі нашар ішуіне тура келеді. Тек егін егіп, бақ өсіріп,

балық көбейтіп, мал шаруашылығымен шұғылданбаса. Бірақ

ол үшін де тұқым, құрал-сайман керек, біреу үйретуі керек.

– Демек, үйге бара сап бақсы мен Амнундакка енді жердің

тез сілкінуін тілеп құдайға жалбарын дейміз ғой. Ал ол дүмпу

ойпаттың түстік жағына жол салып жүрсе не болады?

– Әрине, ол да қиын, себебі өсімдік дүниесінің үлкен

алабы жойылып, бұғы өрісі, алаңқайлар мен жертөлелер құрып

кетуі кәдік. Сонда да бұл суықтан тірі пенде қалмай опат

болғаннан тәуір.

– Ал біз не істеуіміз керек? – деп сұрады Костяков.

– Біз уақытты сәл ұзарта түсіп, болмай бара жатса,

ойпаттан тік көтеріліп кетуіміз керек, – деп жауап берді

Ордин.

– Тірі болсақ бәрін де көреміз, ауа райының қалай

өзгергенін де, онкилондардың келешек көңіл күйін де көз

алдынан өткіземіз. Қалғанда күтер қатеріміз уақытсыз ерте

кетіп қалудан күшті емес, – деді Горюнов.

Алыс асулардан әбден қалжыраған жиһангездер тез жайлы

ұйқыға кірді.

Онкилондар кезек-кезек қарауылда тұрды

Таң ағара үш зерттеуші мен Аннуир жылы киініп, қоржынарқалап, мылтық асынып жолға шықты. Гороховка көлдібарлауға кеттік, келесі күні ораламыз, сені онкилондарғақайтып келуіміздің кепілі ретінде қалдырдық деп хат тастады.Тұман тым қалың еді, Аннуир шеткі мекеннің жолын бірдентауып, серіктерін сеніммен бастап жүрді. Күннің суықтығыоларды шапшаң жүруге мәжбүр етті. Шөп басы бозқырауданкөрінбейді, жағасынан сүрлеу өткен бір көлдің бетінеқабыршақ мұз қатыпты.

– Бұл уақытта мұндай суық өмірі болған емес, – дедімұзды көргенде Аннуир.

– Міне, Мыңтүтін алқабына да осы үшін бара жатқанжокпыз ба, неге бұлай тез суытып кеткенін сонан білеміз, –деп түсіндірді оған Ордин.Тұман түске тармаса, жолаушылар ең шеткі тұраққа жетіп,түстік жасау үшін тоқтағанда ғана айықты. Жер сілкінгендебұл жертөле де құлаған екен, қазір қалпына келтіріліпті. Бұлжұрт ақ адамдарды меймандостықпен қарсы алды, задыАмнундак тұқымының бұларға деген алакөздігі менсенімсіздігі әзір бұ жақты шарпи қоймаған. Қасиетті көлдіңқұрып кеткені туралы олар да біліпті, бірақ барабаннан бұлжөнінде келушілерді кінәлайтын белгі болмапты. Туыс-туғандары жақсы көретін Аннуирдің арасында болуыақ адамдар қашып жүр деген ешқандай сезім туғызған жоқ,қайта үш жауынгер еріп жүруге тілек білдірді, оларынақарсылық болмаған соң көсемнің рұқсатынсыз шығып жүрдеген ой тіпті ешкімге келмеді.Тынығып алып олар әрі қарай тартты. Күн жылынабастады, бірақ жаз сияқты емес, дәл бір күздей ызғар бар.Ең төте жолмен терістікке бет алып, ұзамай сирек өсімдіктіалқапқа, сонан тура қу тақырға түсті. Мұнда болған өзгерісбес-алты шақырымнан-ақ белгілі болды – көкжиекте самсапқоя беретін бу бағандары көзге түспей, ойпаттың қап-қарақұз кемерлері менмұндалап тұрды. Мыңтүтін алқабынашыққанда бәрі айран-асыр, таң-тамаша болды. Төңіректікемпірқосақ шұғыласымен құлпыртып түрлендіріп тұратынмың бағанның бірі жоқ, қайнаған көлдердің суы суалып қалған,болмаса баяғысындай сақылдамай тұнып қалған. Көз жетержердің бәрі беті сәл буалдырланған елсіз-күнсіз қу тақыр, әртұсын айқыш-ұйқыш жарықшақтар тілімдеп, онан ыстық лепеседі, жел желпіген сол тымырсық ауа алып бір наубайхананыңнемесе металлургия пешінің маңындағыдай әсер етеді. Ауық-ауық жел тұрып, өлі өңірдің үстіне қап-қара құйын ұйтқытады.Қызған ауа мұнарта толқып, аңғардың қап-қара жар-құздарыайдын көл бетінде жүзіп бара жатқандай алуан түрге еніп,мың түрленеді. Бейнебір көл жағасында алып бір қалаасқақтап тұрғандай көрінеді.Болған өзгеріске бәрі таңырқай қарасты. Жиһангездердіөткен жолы да ертіп келген онкилондар мынаны көріп шошыпкетті. Өзара сыбырласып, ақыры мұның себебін сұрап білугебел буды:

– Осы арадан бұрын көріп жүретін мың түтініміз қайда?Ет пісіретін көліміз қайда кеткен? Бұның себебі не, ақадамдар, айтсаңдаршы. Жерасты рухтары от жағып, ас пісіруіннеліктен доғарды екен? Өлді ме, ұйқыға енді ме, әлде басқажаққа ауды ма олар? Аннуирдің көмегімен Горюнов оларға осының бәрі жерсілкінуінің зардабы екенін түсіндірді. Онкилондар аз да болсатүсінгендей болып, тұтқиылдан тұжырым жасады және дұрыстұжырым жасады:

– Демек, өткен жолғыдай алыс баруымыздың енді қажетіжоқ қой.Шынында да, қара тақыр шөлдің қойнауына енудің қажетіжоқ еді, әрі жолы да қиын. Қызып қайнап тұрған ауада демалудың өзі ауырлап барады. Өткен жолы самсаған бубағандары ауада салқындап, температураны сәл түсіріп тұрған-ды: сондықтан моншадағыдай ыстық болса да оған шыдауғаболатын еді.Өлі өңірге, оның үстінде бұлдыраған қиял қалаға ақтықрет көз тастап, кері қайтқан жиһангездер өсімдікті алқаптаалғаш кездескен көлдің жағасына келіп қоналқаға тоқтады.Терістік желі шөлден ыстық айдап әкелгенінен бе, бұл араәлі жылы екен. От басына жайғасып, ет пісіре отырып, оларжағдайды талқылауға кірісті. Аннуир өз ағайындарын әңгімегетартып, жиһангездердің еркін сөйлеуіне жағдай жасады, бірақбәрі де толқулы.

– Бүгін көргендерімізден қандай қорытынды жасауғаболады? – деп сұрады Горюнов.

– Бұдан аса байсалды қорытынды шығады,

– деп жауапберді Ордин.

– Жер сілкінуі ойпаттың жерасты жүйесіншұғыл өзгерткен деген менің болжамым, өкінішке орай,бастан-аяқ дұрысқа шықты. Санников жерінің жылытқышы,яғни Мыңтүтін алқабын осылай атауға толық негіз бар,бүлінген. Оның топырағы әзір жылы, бірақ ұзамай суынады,сөйтіп таяу уақытта ойпат қатып, поляр мұзының ортасындағыосынау жерұйық көзден бұлбұл ұшып, ғайып болады.

– Одан өзге ештеңе күтуге болмағаны ма? Сонда бірден-бір мүмкін қорытынды осы ғой, сірә? – деп сұрады Костяков.

– Жоқ, бұл бірден-бір қорытынды емес, жанартаудыңфумарол, қайнаған, көпіршіген көл болып көзге түскен қимыл-қарекетінің бірте-бірте бәсеңдеп, табиғи жолмен тоқтауы әліекіталай. Олай тоқтаған болса ойпаттағы өмір де ондағанжылдарға созылып барып бірте-бірте өшер еді, қыс та бірден-бірге суытып, қытымырлана түсіп, жан-жануар, өсімдік, адамтіршілік жағдайының нашарлауына қарсы ұзақ күресер еді.

– Ал қазір олар бір қыстың ішінде құрып кеткелі тұр ма?

– Жуық аптаның, тіпті айдың бағдарында жылытқышықалпына келмесе, солай болары хақ.

– Қалайша, ол қалпына келе ала ма?

– Меніңше, қалпына келе алады, келуге тиіс те. Сөнгенін,иә ұйықтап жатқанын біз әзір білмей отырған жанартауданбу мен газ ретінде жер үстіне атқылап мол жылу шығыпжатқан жарықшақтардың бәрі жер сілкінуінен жабылыпқалды. Бөлініп тұратын бұл жылу, жолы бітеліп қалған соңғана тоқтап тұруы ықтимал. Тереңде жиналып жатқан солгаз бен су ерте ме, кеш пе – әйтеуір сыртқа бір жол табады.Жол табуы кешеуілдеген сайын қатері күшейе түспек.Сондықтан бу мен газдың жоғары шығатын бұрынғы жолын,не жаңасын ашатын тағы бір жер сілкіну жақын арада болуынтілейік. Дағдарысты ауырсынбай шешудің тиімді тәсілі осы,себебі бу мен газ шектен шығып шиыршық атқанша жиналыпжатады да, шарықтау шегіне жеткенде бұрқ етіп жолды өзіашып алады, ал бұл жанартаудың қалпына келуімен тынуымүмкін, онда жұрт біз ойлағандай суықтан емес, оттанқырылады.

– Міне, мәселе қайда! – деп дауыстап жіберді Костяков.

– Талайсыз-бақсыз онкилондар-ай, қалай болғанда датұқымы тұздай құрығалы тұр екен ғой!

– Жалғыз ғана құтылар жол – жердің жаңадан сілкінуі!– деп өзінше қайталады Горюнов.

– Ал олар құдайынажалбарынып, жерді қайта сілкіндіре көрме деп тілейді.

– Иә, құтқарар жол жақын арада жаңадан жер сілкінуғана. Ал ол келер көктемде ғана сілкінсе, одан пайда аз,жануарлардың көбі қырық-елу градустық суық қысты, көзаштырмайтын боранды көтере алмай қырылып бітеді.Жертөледе онкилондардың аман қыстап шығуы мүмкін,әйтеуір мұнда отын жеткілікті ғой, ал алдағы жазда олараштықтан қырыла бастайды, себебі ірі аңның бәрі құрыпболады.

– Ал жыл құстарын, су жаңғағы мен қозықұйрықты,жидек пен тамырды қайда қоясыз?.. Сіз қара бояудықалыңдатып, тіпті құлазытып жібердіңіз.

– Жарайды, ол да мүмкін. Дегенмен олардың тамақтыаз әрі нашар ішуіне тура келеді. Тек егін егіп, бақ өсіріп,балық көбейтіп, мал шаруашылығымен шұғылданбаса. Бірақол үшін де тұқым, құрал-сайман керек, біреу үйретуі керек.

– Демек, үйге бара сап бақсы мен Амнундакка енді жердіңтез сілкінуін тілеп құдайға жалбарын дейміз ғой. Ал ол дүмпуойпаттың түстік жағына жол салып жүрсе не болады?

– Әрине, ол да қиын, себебі өсімдік дүниесінің үлкеналабы жойылып, бұғы өрісі, алаңқайлар мен жертөлелер құрыпкетуі кәдік. Сонда да бұл суықтан тірі пенде қалмай опатболғаннан тәуір.

– Ал біз не істеуіміз керек? – деп сұрады Костяков.

– Біз уақытты сәл ұзарта түсіп, болмай бара жатса,ойпаттан тік көтеріліп кетуіміз керек, – деп жауап бердіОрдин.

– Тірі болсақ бәрін де көреміз, ауа райының қалайөзгергенін де, онкилондардың келешек көңіл күйін де көзалдынан өткіземіз. Қалғанда күтер қатеріміз уақытсыз ертекетіп қалудан күшті емес, – деді Горюнов.Алыс асулардан әбден қалжыраған жиһангездер тез жайлыұйқыға кірді.Онкилондар кезек-кезек қарауылда тұрды

---

Source: [https://yvision.kz/post/ara-ta-yr-sh-l-689000](https://yvision.kz/post/ara-ta-yr-sh-l-689000)