---
title: "АНТИГЕПТИЛ: БІР ЖЫЛ ЖӘНЕ ОҒАН ДЕЙІН"
description: "АНТИГЕПТИЛ: БІР ЖЫЛ ЖӘНЕ ОҒАН ДЕЙІН"
author: "Almass"
published: "2016-01-02T12:03:26+00:00"
modified: "2016-01-02T12:03:26+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/antigeptil-bir-zhyl-zh-ne-o-an-deyin-671085"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/antigeptil-bir-zhyl-zh-ne-o-an-deyin-671085/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АНТИГЕПТИЛ: БІР ЖЫЛ ЖӘНЕ ОҒАН ДЕЙІН

![«Антигептил» азаматтық қозғалысы 2013- жылдың 05-шілдесі күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 02-шілдеде ұшырылған «Протон» зымыраны апатқа ұшырап, 600 тоннадан аса улы гептил жерге төгілуіне қарсылық тобы ретінде Астана қаласында құрылды. Оның негізгі мақсаты-Қазақстанда қоршаған ортаны адам өмір сүруіне қолайлы жағдайда сақтау және адам денсаулығын қорғау.](https://storage.yvision.kz/images/user/almass/gQPgk15xHFTxyV3cSyeHPmnioKCYw7.jpg)

![Қозғалыс негізгі 4 бағытта жұмыс істейді: 1. Гептил отыны пайдаланылатын протон зымыранын Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыруды мүлдем тоқтату, 2. Ресейдің әскери-жаттығу полигондарын жабу, 3. Әлемдік ядролық отын қалдықтарының базасын жасауға жол бермеу, 4. Атом электр станциясын салуға жол бермеу. Қозғалыс құрылғаннан бергі уақытта 50 ден аса түрлі шаралар ұйымдастырды. Оның алғашқысы 08-шілде 2013-жылы Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігінен «Протон» зымыранын ұшыруды тоқтатуды талап етуден басталды.](https://storage.yvision.kz/images/user/almass/stI8uHOi2JgBD8HMOFO7m6k7mr2Urp.jpg)

![01-қазан 2013-жылы ҚР Үкіметіне арнайы хат тапсыруға барған қозғалыс белсенділері ұсталды. Шараға қатысқан 9 белсенді әртүрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.](https://storage.yvision.kz/images/user/almass/h7HqVMi0PO8IT6kqqC0nty3PHYOiYW.jpg)

![19-қазан 2013-жылы қозғалыстың ұйымдастыруымен «Қазақ жерін ластама» атты рұқсат етілген митинг өткізілді. Митингіге 300ден аса адам қатысты.](https://storage.yvision.kz/images/user/almass/JwJ7mfappo5L0SezBahmUS0a6XBvQT.jpg)

![13-қаңтар 2014-жылы қозғалыс мүшелері жеке акциялар жасады. Бірінші болып қозғалыс белсендісі Мақсат Ілиясұлы бастаған жеке акциялар тізбесі сол жылдың 29-желтоқсанына дейін жалғасты. Шараға қатысқандардың басым бөлігі рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды деген желеумен түрлі әкімшілік жазаға тартылып, әртүрлі көлемде айыппұл салынды.](https://storage.yvision.kz/images/user/almass/zKdMGMfo2NKpYt7tOfYDD39bqvWkT9.jpg)

![02- ақпан 2014-жылы қозғалыс мүшелері «Протон» зымыранының ұшырылуына қарсы жүгіру шарасын ұйымдастырды. Шараға қатысқан 11 белсенді ұсталып, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айып салынды.](https://storage.yvision.kz/images/user/almass/Jem3a608822S1V2opW1XYm3SVOjEdL.jpg)

![28-мамыр 2014-жылы Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуға қарсылық білдіргені үшін 20дан аса адам қамалып, «Антигептил» қозғалысының 10 мүшесі ұсталды. Олардың біреуі 3 тәулікке, тоғызы 4 тәулікке қамалды. Қамалғандардың ішінде белгілі журналист Өркен Жоямерген де болды.](https://storage.yvision.kz/images/user/almass/tXgd3JRXc7v9X4723Y3X5a70pJmOH7.jpg)

![17-қазан 2014-жылы Ресей елшілігіне барып, «Протон» зымыранын ұшыруды тоқтатып, әскери-жаттығу полигондарын жабуды талап еткен қозғалыстың 4 мүшесі ұсталып, 10нан 50ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айып салынды.](https://storage.yvision.kz/images/user/almass/4QmM7BteEhVq5h9MLw16i4bcJcc2L9.jpg)

![18-25-маусым аралығында «Антигептил» қозғалысы «Шындық экспедициясын» жасақтап, оның 5 мүшесі, Мақсат Ілиясұлы, Еділ Мәкен, Жеңіс Тілеубай, Амандық Дәулетбекұлы және Нұрлан Жабаев киіктер жаппай қырылған Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарын аралап, киіктің, малдың жаппай қырылу себебін анықтап қайтты. Олар киіктің, малдың жаппай қырылуына гептилдің тікелей қатысы бар деп мәлімдеді.](https://storage.yvision.kz/images/user/almass/cF5ZW4UoT7ij66j56D2T15rkl880r2.jpg)

![28- маусым 2015-жылы Қазақстанның төрт облысында 200 мыңнан аса киіктің қырылуына байланысты қозғалыс мүшелерінің ұйымдастыруымен «Бүгін киік-ертең біз» атты флешмоб өткізілді. Қатысушылар «Бәйтерек» монументі жанында өлген киіктерді бейнеледі.](https://storage.yvision.kz/images/user/almass/2K62ZcqA16aLLzP0KafN2pdR6HBBjZ.jpg)

![28-тамыз 2015-жылы Астана қаласындағы «Киіктер» фонтанының жанында «Келесі кім?» деп аталатын «Протон» зымыранын ұшыруға қарсы шара ұйымдастырылды. Шараға қатысқан 10 адам ішкі істер басқармасына жеткізіліп, 4 сағат қамауда отырды.](https://storage.yvision.kz/images/user/almass/AE5yMyAls3EYA0JH65h6RqJ6qHY1F2.jpg)

![Бұдан бөлек «Антигептил» азаматтық қозғалысы Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мунға, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, бірнеше министрлерге, халықаралық эколгиялық ұйымдарға хат жазды. Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы өкілдері Баскут Тунчак пен Маина Киаимен кездесті. ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің, ҚР Үкіметінің киіктердің жаппай қырылу себебін анықтау жөніндегі комиссиясының отырыстарына қатысты. Қозғалыс мүшелері гептил отынын пайдаланатын «Протон» зымыранын Қазақстанда ұшыруды тоқтатып, Ресейдің 7 әскери-жаттығу полигондарын жапқанша өз жұмыстарын жалғастыра беретіндерін мәлімдеуде. «Антигептил» қозғалысының мүшелері билік тарапынан ұдайы қысым көріп келеді. Осы уақытқа дейін қозғалыс мүшелері Мұсағали Дуамбеков 1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылса, Сәкен Байкеновтың 2 жылға шартты түрде бас бостандығы шектелді. Қазір қозғалыс белсендісі Болатбек Біләлов ұлтаралық араздық туғызды деген желеумен қамауда отыр.](https://storage.yvision.kz/images/user/almass/3XM7ME33IfSV6w9LKiUjgCj5A945v4.jpg)

![АНТИГЕПТИЛ: БІР ЖЫЛ ЖӘНЕ ОҒАН ДЕЙІН](https://storage.yvision.kz/images/user/almass/IPZ36Rzh711cMwaYVN1111ViX5z2b9.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/antigeptil-bir-zhyl-zh-ne-o-an-deyin-671085](https://yvision.kz/post/antigeptil-bir-zhyl-zh-ne-o-an-deyin-671085)