---
title: "АНА – ЖЕР – АНА"
description: "АНА – ЖЕР – АНА Есепсіз жер сатудың соңы қандай болатынына жарқын мысал.. Таяу Шығысты еврейлер с..."
author: "Omirhan"
published: "2016-04-11T09:37:32+00:00"
modified: "2016-04-11T09:37:32+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ana-zher-ana-688584"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ana-zher-ana-688584/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АНА – ЖЕР – АНА

> АНА – ЖЕР – АНА Есепсіз жер сатудың соңы қандай болатынына жарқын мысал.. Таяу Шығысты еврейлер с...

![АНА – ЖЕР – АНА](https://storage.yvision.kz/images/user/omirhan/Wd8n6KiqCW5HuPJTSQh5PIepi484Ds.jpg)

АНА – ЖЕР – АНА

 

Есепсіз жер сатудың соңы қандай болатынына жарқын мысал..

Таяу Шығысты еврейлер сонау жаңа заманның басында тастап кеткенін білесіздер. Оның себептеріне тоқталмай-ақ қояйық...

Содан бері еврей халқы Палестинаға оралудан үмітін ешқашан үзген емес.

1870 ж. Шарль Неттер деген француз еврейі Палестинадан бір арабтан шағын жер телімін сатып алып ауылшаруашылық мектебін ашады. Қалың арабтың ортасына орналасқан мектеп аумағын еврейлер өзара «Израиль үміті» деп атады.

1879 ж. Яффа маңынан тағы бір жер телімі сатып алынды.

1882 ж. Харьковтік еврей студенттер Палестинаға аттануға шешім қабылдайды. Алғашқы студенттерді бастап барған Давид Левонтин Ришон-Лецион деген қыстақтың негізін қалады (Д. Левонтин кейінірек Ағылшын – Палестин банкісіне директор болды).

Көп ұзамай румын еврейлері Рош-Пина колониясын құрды. Жергілікті түріктер қарсы болғанмен Еуропадағы еврейлерден құтылғысы келген Еуропа мемлекеттерінің билеушілерінен ыққан Осман пашасы өз басымен әлек болып, бұларға айтарлықтай шектеу қоя алмады. Осылайша еврейлерді саны күн санап өсе берді.

1883 - 1899 жылдары Палестинадағы еврей елді мекендерінің өсуіне барон Э.Ротшильд үлкен көмек берді.

1882 ж. 24 мың болса, ал 1914 ж. 700 мың адамды құрайтын Палестина халқының 85 мыңы еврей еді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс еврейлердің көшуін саябырсытқанмен, ендігі жерде мұнай басты байлық болатынын көрсетіп берді. Мұнайдың үлкен кен орындары бар Араб түбегіне ықпал ету үшін Англия мен Франция алдымен Палестинадағы еврейлерді өз уыстарында ұстауға тырысты. Еврейлерді өз жағына тарту Англия «Бальфур Декларациясы» деген құжат қабылдап, еврей халқының Палестинаға көшуін қолдайтынын дәлелдеді.

1933 ж. Германияда билік басына национал-социалистер келген соңғы жағдай өздеріңізге белгілі. Соғыс қаупін сезіп үлгерген еврейлер алдымен Германиядан, сосын бүкіл Еуропадан қаша бастады. Олардың қолы ұзындары Оңтүстік Америкаға, басқалары тағы да сол Палестинаға қоныс аударды. 1936 ж. Палестинадағы еврейлердің саны 400 мың адамға жетті....

Ұзын сөздің қысқасы, 1948 ж. 14 мамырда Палестина жерінде Израиль мемлекетінің Тәуелсіздігі туралы Декларация қабылданды. Содан бері Таяу Шығыста араб пен еврейдің арасында қанша соғыс болып, қаншама қан төгілгенін өздеріңіз білесіздер..

Ресейлік кейбір қайраткерлердің қазақ жері туралы не ойлайтына тоқталып жатпай-ақ қояйын..

Қазір әлемдегі ең қуатты мемлекет Қытай болса, арабтарда бай – бақуат азаматтардың жетерлік екенін білесіздер..

Осы қытай мен арабтың ат тұяғы біздің жерімізді де таптаған.

Сонау 751 жылы Тараз түбінде тарихқа «Атлах шайқасы» деген атпен кірген қытайлар мен арабтар арасында қырғын соғыс болғанын да білесіздер..

Естуімізше, Қытай карталарында бүкіл Жетісу Қытайдың түсімен боялған деседі.

---

Source: [https://yvision.kz/post/ana-zher-ana-688584](https://yvision.kz/post/ana-zher-ana-688584)